«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу» кәсіптік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасына пресс-релизі
«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу» кәсіптік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығының жобасы (бұдан әрі – бұйрықтың жобасы) «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.
«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу» кәсіби стандарты біліктілік пен құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындауға арналған және халықты жұмыспен қамту саласында заңды тұлғалар көрсететін қызметтерге қолданылады.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
2023 жылғы 15 қарашада бұйрық жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде және Еңбекминінің ресми сайтында орналастырылған.