Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 764 қаулысы.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 2023 жылғы 4 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы 2023 жылғы 4 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми
жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 764 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен
толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
туралы ережеде:
14-тармақта:
234-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"234-1) сот-сараптама қызметі саласындағы кәсіби стандартты әзірлеу және бекіту;"
;
мынадай мазмұндағы 272-1), 272-2), 272-3), 272-4) және 272-5) тармақшалармен
толықтырылсын:
"272-1) кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша кәсіптік
біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;
272-2) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектілендіру жөніндегі
ұсыныстарды тұжырымдау және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы
уәкілетті органға жіберу;
272-3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың
жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ
кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік
біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастыру;
272-4) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптік біліктілікті
тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізу;
272-5) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлеу және
бекіту;".
2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 758-71), 758-72), 758-73), 758-74), 758-75) және 758
-76) тармақшалармен толықтырылсын:
"758-71) әкімшілерге арналған кәсіптік стандарттарды әзірлеу және бекіту;
758-72) кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша кәсіптік
біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;
758-73) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектілендіру жөніндегі
ұсыныстарды тұжырымдау және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы
уәкілетті органға жіберу;
758-74) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың
жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ
кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік
біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастыру;
758-75) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптік біліктілікті
тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізу;
758-76) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлеу және
бекіту;".
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 865 қаулысымен.
4. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика
министрліктерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017
жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
262) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"262) денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарттарды әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 323-26), 323-27), 323-28), 323-29) және 323-30)
тармақшалармен толықтырылсын:
"323-26) кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша кәсіптік
біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;
323-27) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектілендіру жөніндегі
ұсыныстарды тұжырымдау және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы
уәкілетті органға жіберу;
323-28) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың
жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ
кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік
біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастыру;
323-29) кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша кәсіптік біліктілікті тану
саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;
323-30) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлеу және
бекіту;".
5. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18
ақпандағы № 81 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде:
13-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
"8-1) кәсіптік біліктілікті тану;";
15-тармақта:
27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"27) білім, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп
ұлттық біліктілік шеңберін әзірлеу және (немесе) өзектілендіру;";
29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"29) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектілендіру қағидаларын
әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 229-17), 229-18), 229-19), 229-20), 229-21), 229-22), 229-23),
229-24), 229-25), 229-26), 229-27) және 229-28) тармақшалармен толықтырылсын:
"229-17) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестерді құру қағидаларын,
сондай-ақ олардың үлгілік ережесін әзірлеу және бекіту;
229-18) кәсіптер тізілімін қалыптастыру, өзектілендіру және жүргізу қағидаларын
әзірлеу және бекіту;
229-19) кәсіптік біліктілікті тану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
229-20) кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын аккредиттеу, аккредиттеу
аттестатын қайта ресімдеу, кері қайтарып алу, қолданылуын қайта бастау және тоқтату
қағидаларын, сондай-ақ аккредиттеуден кейінгі шарттың үлгілік нысаны мен
талаптарын әзірлеу және бекіту;
229-21) біліктілік бағдарламаларын әзірлеу және бекіту қағидаларын, сондай-ақ
оларға қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;
229-22) салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және (немесе) өзектілендіру
қағидаларын әзірлеу және бекіту;
229-23) Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасын қалыптастыру,
сүйемелдеу және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсету, өзге де ақпараттық
жүйелермен интеграциялау, сондай-ақ Ұлттық біліктілік жүйесінің мәселелері
бойынша деректерді талдауғы және өңдеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
229-24) Қазақстан Республикасының өңірлері арасында кәсіптік біліктілікті тануға
арналған бір жолғы ваучерлерді беру, қаржыландыру және бөлу қағидаларын әзірлеу
және бекіту;
229-25) ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып,
еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті тануда қажеттілігін қалыптастыру қағидаларын
әзірлеу және бекіту;
229-26) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың
жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ
кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік
біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастыру;
229-27) Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасында бекітілген кәсіби
стандарттардың тізбесін жүргізу;
229-28) Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық органның қызметін үйлестіру;".
6. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму
министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір
шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустрия және
инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 789-12), 789-13), 789-14), 789-15), 789-16) және 789
-17) тармақшалармен толықтырылсын:
"789-12) энергия аудиторларына арналған кәсіби стандартты әзірлеу және бекіту;
789-13) кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша кәсіптік
біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;
789-14) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектілендіру жөніндегі
ұсыныстарды тұжырымдау және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы
уәкілетті органға жіберу;
789-15) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың
жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ
кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік
біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастыру;
789-16) кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша кәсіптік біліктілікті тану
саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;
789-17) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлеу және
бекіту;".
7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 866 қаулысымен.
8. "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір
мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы №
580 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары
білім министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
48) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"48) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп формалды емес білім беру
арқылы алынған оқыту нәтижелерін, сондай-ақ кәсіптік біліктілікті тану нәтижелерін
тану қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
49) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 177-17), 177-18), 177-19), 177-20), 177-21), 177-22) және 177-
23) тармақшалармен толықтырылсын:
"177-17) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
ұйымдарының педагогтеріне (профессор-оқытушылар құрамына) арналған кәсіптік
стандартты әзірлеу және бекіту;
177-18) кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша кәсіптік
біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;
177-19) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектілендіру жөніндегі
ұсыныстарды тұжырымдау және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы
уәкілетті органға жіберу;
177-20) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың
жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ
кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік
біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастыру;
177-21) кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша кәсіптік біліктілікті тану
саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;
177-22) кәсіптік біліктілікті тану, білім беру саласындағы уәкілетті органдармен
бірлесіп ұлттық біліктілік шеңберін әзірлеу және (немесе) өзектілендіру;
177-23) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлеу және
бекіту;".
9. "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi" туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту
министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
76) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"76) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп формалды
емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін, сондай-ақ кәсіптік біліктілікті
тану нәтижелерін тану қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 235-30), 235-31), 235-32), 232-33), 235-34), 235-35) және 235-
36) тармақшалармен толықтырылсын:
"235-30) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта, қосымша, сондай-ақ техникалық
және кәсіптік білім беру педагогтеріне арналған кәсіптік стандарттарды әзірлеу және
бекіту;
235-31) кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша кәсіптік
біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;
235-32) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектілендіру жөніндегі
ұсыныстарды тұжырымдау және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы
уәкілетті органға жіберу;
235-33) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың
жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ
кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік
біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастыру;
235-34) кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша кәсіптік біліктілікті тану
саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;
235-35) кәсіптік біліктілікті тану, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті
органдармен бірлесіп ұлттық біліктілік шеңберін әзірлеу және (немесе) өзектілендіру;
235-36) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлеу және
бекіту;".
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және
құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК