«Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 272 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 272 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 272 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32956 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында:

17-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Грант алуға үміткерлердің өтініші мен бизнес-жобасын еңбек мобильділігі орталығы жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттарды алуға үміткерлердің өтініштерін қарастыру бойынша комиссияның отырысына қарауға шығарады.»;

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган өңірлік кәсіпкерлер палатасының филиалдары, жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер, ғылыми-білім беру мекемелері өкілдерінің, бизнес, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, салалық сарапшылардың қатысуымен облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана деңгейінде комиссияны құрады.»;

18-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«18. Комиссия отырысы Порталда өтініштерді қабылдау аяқталған күннен кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде өткізіледі.»;

жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Комиссия отырысы ақпараттық-коммуниациялық технологияларды қолдана отырып, тікелей эфирде трансляицланады. Комиссия отырысының жазбасы еңбек мобильділігі орталығында 6 ай бойы электрондық тасығышта сақталады.»;

мынадай мазмұндағы жаңа абзацпен толықтырылсын:

«Комиссияның шешімі еңбек мобильділігі орталығының интернет-ресурсында орналастырылады.»;

38-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) микрокредиттің ең жоғары сомасы – 10 (он) миллион теңгеге дейін;»;

44-тармақтың 2-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Бизнес-жобаны бағалаудан кейін сенім білдірілген өкіл (агент) 3 (үш) жұмыс күні ішінде құжаттарды және бағалау нәтижелерін жастарға микрокредит беру жөніндегі конкурстық комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) ұсыну үшін халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға жібереді.».

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

Бұйрық
Дата публикации
31 октября 2023