«Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 231 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Жұмыссыздар білім беру ұйымын таңдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мансап орталығы жұмыссызға оның келісімімен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім беру ұйымына оқуға жолдама береді.
Еңбек мобильділігі орталығы жұмыссызбен, білім беру ұйымымен және жұмыс берушімен осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіптік оқыту бойынша әлеуметтік келісімшарт (бұдан әрі – Әлеуметтік келісімшарт) жасасады.»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Мансап орталығы жұмыссыздың оқудан өткендігі және оқуды аяқтағаннан кейін (оқу мерзімі аяқталғанға дейін) тұрақты жұмысқа орналасқаны туралы мәліметтерді жұмыспен қамтудың жеке картасында көрсетеді.»;
31-тармақта:
екінші абзацтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
34-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Кәсіптер мен дағдылардың тізбесі айқындалғаннан кейін бір ай ішінде еңбек мобильділігі орталығы білім беру ұйымымен шарт жасасады, оның шеңберінде жұмыссыздарды кәсіптік оқытуға жіберу жүзеге асырылады.»;
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«47. Еңбек мобильділігі орталығы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10 (оныншы) күніне қарай білім беру ұйымы ұсынған есептіліктердің негізінде жұмыссыздардың ағымдағы (карточкалық) шоттарына стипендия мен материалдық көмекті аударады.»;
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«48. Еңбек мобильділігі орталығы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15 (он бесінші) күніне қарай білім беру ұйымы ұсынған орындалған жұмыстардың актісінің негізінде білім беру ұйымының есеп айырысу шотына жұмыссыздарды оқыту ақысын аударады.»;
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«50. Оқытуды ұйымдастыру үшін жұмыс беруші ағымдағы қаржы жылындағы 1 қарашаға дейінгі мерзімде мансап орталығына алдағы қаржы жылына осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді.»;
56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«56. Мансап орталығы 3 (үш) жұмыс күні ішінде жұмыссызды жұмыс беруші қабылдаған шешім туралы хабардар етеді және оның келісімімен осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқуға жолдама береді.
Еңбек мобильділігі орталығы жұмыссыздармен және жұмыс берушімен осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіптік оқыту бойынша әлеуметтік келісімшарт (бұдан әрі – Әлеуметтік келісімшарт) жасасады.»;
65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«65. Жұмыс беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде мансап орталығына тұрақты жұмыс орнына ауыстыру немесе жұмыссыздарды ауыстырудан бас тарту туралы хабарлайды.»;
72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«72. Оқу кезеңінде жұмыссыздардың жалақысын Еңбек кодексіне сәйкес еңбек мобильділігі орталығы төлейді.»;
75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«75. Еңбек мобильділігі орталығы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10 (оныншы) күніне қарай жұмыс беруші ұсынған есептіліктердің негізінде жұмыссыздардың ағымдағы (карточкалық) шоттарына жалақыны аударады.»;
76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«76. Жұмыссыздарға уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөніндегі әлеуметтік жәрдемақы төлеуді Еңбек кодексіне сәйкес еңбек мобильділігі орталығы жүргізеді.»;
77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«77. Еңбек мобильділігі орталығы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15 (он бесінші) күніне жұмыс беруші ұсынған орындалған жұмыстар актісінің негізінде Оқу ақысын жұмыс берушінің есеп шотына аударады.»;
85-тармақ алып тасталсын;
4-қосымшада:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«
Білім беру ұйымында кәсіптік оқыту жөніндегі № _______
әлеуметтік келісімшарт
________________________________ ___________________
Жасалған орны Күні
Бұдан әрі «Еңбек мобильділігі орталығы» деп аталатын __________________ облысының (астананың, республикалық маңызы бар қаласының) мансап орталығы атынан ___________________________
(ереже, жарғы және т.б)
негізінде әрекет ететін _____________________________________________,
(директордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
бұдан әрі «Жұмыс беруші» деп аталатын _______________________________
(ереже. жарғы және т.б)
негізінде әрекет ететін ______________________________________________
(жұмыс берушінің толық атауы)
атынан _____________________________________, бұдан әрі «Білім алушы»
(уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
деп аталатын жұмыссыз _____________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
және бұдан әрі «Білім беру ұйымы» деп аталатын кәсіптік оқытуды өткізетін білім беру ұйымы ___________________________________________________
(білім беру ұйымының толық атауы)
атынан ______________________________________ негізінде әрекет ететін
(ереже, жарғы және т.б)
__________________________________________________________________,
(уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталып, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс), Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № ____ болып тіркелген) бекітілген Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес және __________________ ауданының, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аудандық (қалалық) комиссиясының 20__ жылғы_____ _______ №_____ шешімінің негізінде білім беру ұйымында кәсіптік оқыту жөніндегі осы әлеуметтік келісімшартты (бұдан әрі – Әлеуметтік келісімшарт) жасады және төмендегі туралы келісімге келді:»;
2-тараудың 2.1-тармағының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2.1. Еңбек мобильділігі орталығы:»;
2-тараудың 2.2-тармағының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2.2. Еңбек мобильділігі орталығы:»;
Тараптардың заңды мекенжайлары мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
Еңбек мобильділігі орталығы ____________________________________ (еңбек мобильділігі орталығының толық атауы)
(заңды мекенжайы)
(телефоны, факс) ____________________________________ (директордың тегі, аты әкесінің аты (бар болса)) ____________________________________ (қолы)
М.О. |
Білім алушы ______________________________ (тегі, аты әкесінің аты (бар болса)) ______________________________ (мекенжайы) ______________________________ (телефоны, факс) ______________________________ (қолы) |
|
Жұмыс беруші ____________________________________ (уәкілетті өкілдің тегі, аты әкесінің аты (бар болса)) _________________________ (лауазымы) ____________________________________ (заңды мекенжайы) ____________________________________ (қолы)
М.О. (бар болса) |
Білім беру ұйымы ______________________________ (уәкілетті өкілдің тегі, аты әкесінің аты (бар болса)) ______________________________ (лауазымы) ______________________________ (заңды мекенжайы) _______________________________ (қолы)
М.О. (болса) |
»;
10-қосымшада:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«
Жұмыс берушідегі жұмыс орнында кәсіптік оқыту бойынша
№ _______ әлеуметтік келісімшарт
________________________________ _____________________
Жасалған орны Күні
Бұдан әрі «Еңбек мобильділігі орталығы» деп аталатын ___________________________ облысының (астананың, республикалық маңызы бар қаласының) еңбек мобильділігі орталығы атынан _____________________
(ереже, жарғы және т.б)
негізінде әрекет ететін _____________________________________________,
(директордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
бұдан әрі «Жұмыс беруші» деп аталатын _______________________________
(ереже. жарғы және т.б)
негізінде әрекет ететін ______________________________________________
(жұмыс берушінің толық атауы)
атынан _____________________________________, бұдан әрі «Білім алушы»
(уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
деп аталатын жұмыссыз _____________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталып, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс), Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № ____ болып тіркелген) бекітілген Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес және __________________ ауданының, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аудандық (қалалық) комиссиясының 20__ жылғы_____ _______ №_____ шешімінің негізінде жұмыс берушідегі жұмыс орнында кәсіптік оқыту жөніндегі осы әлеуметтік келісімшартты (бұдан әрі – Әлеуметтік келісімшарт) жасады және төмендегі туралы келісімге келді:»;
22-тараудың 2.1-тармағының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2.1. Еңбек мобильділігі орталығы:»;
2-тараудың 2.2-тармағының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2.2. Еңбек мобильділігі орталығы:»;
Тараптардың заңды мекенжайлары мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
Еңбек мобильділігі орталығы |
Жұмыс беруші |
|
______________________ облысының (астананың, республикалық маңызы бар қаласының) еңбек мобильділігі орталығы
(Тегі, аты, әкесінің (қолы) аты (бар болса) __________________________________ (қолы) |
________________________________ ________________________________ (жұмыс берушінің атауы) заңды мекенжайы: ____________________ (Тегі, аты, әкесінің (қолы) аты (бар болса) __________________________________ (қолы) |
|
Білім алушы ______________________________ (тегі, аты әкесінің аты (бар болса) ______________________________ (мекенжайы) ______________________________ (телефоны, факс) ______________________________ (қолы) |
».
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |