Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлер үшін лауазымдық міндеттерін орындау кезінде мінез-құлықтың кәсіптік әдебі жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы

Жоба

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы

әлеуметтік қызметкерлер үшін лауазымдық

міндеттерін орындау кезінде мінез-құлықтың

кәсіптік әдебі жөніндегі әдістемелік
ұсынымдарды бекіту туралы

 

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
56-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлер үшін лауазымдық міндеттерін орындау кезінде мінез-құлықтың кәсіптік әдебі жөніндегі әдістемелік ұсынымдар бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті:

1) осы бұйрықты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктеріне жолдауды;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.М. Әукеновке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр                                                                            Б. Нұрымбетов

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің

2020 жылғы __ ________
№ ___ бұйрығымен
бекітілген

 

 

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы

әлеуметтік қызметкерлер үшін лауазымдық

міндеттерін орындау кезінде мінез-құлықтың

кәсіптік әдебі жөніндегі әдістемелік
ұсынымдарды

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

 

  1. Осы Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлер үшін лауазымдық міндеттерін орындау кезінде мінез-құлықтың кәсіптік әдебі жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) арнаулы әлеуметтік қызметтер және атаулы әлеуметтік көмек көрсету кезінде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкердің күнделікті кәсіптік мінез-құлқында пайдалану үшін арналған.

         Осы Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлер үшін лауазымдық міндеттерін орындау кезінде мінез-құлықтың кәсіптік әдебі жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) арнаулы әлеуметтік қызметтер мен атаулы әлеуметтік көмек көрсету кезінде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлер (бұдан әрі – әлеуметтік қызметкерлер) басшылыққа алатын әдеп қағидаттар мен мінез-құлықтың базалық стандарттарын айқындайды.

         Әдістемелік ұсынымдар құқық нормаларын белгілемейді, ұсынымдық сипатта болады және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 25 қазандағы № 360 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16057 болып тіркелген) Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының мазмұнын нақтылайды.

         Әдістемелік ұсынымдар қоғамның әлеуметтік қызметкерлерге сенімін нығайтуға, арнаулы әлеуметтік қызметтер мен атаулы әлеуметтік көмек алушылар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) арасындағы өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.

  1. Әлеуметтік жұмыс қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және әлеуметтік қызметкерлердің моральдық-әдеп бейнесіне жоғары талаптар қояды.

Қоғам әлеуметтік қызметкерлер өздерінің барлық күштерін, білімі мен тәжірибесін өздері жүзеге асыратын кәсіптік  қызметіне жұмсайды, халықтың жекелеген әлеуметтік осал топтарына олардың әлеуметтік құқықтары мен кепілдіктерін іске асыруда көмек көрсету жөніндегі міндеттерді қалтқысыз және әділ орындайды деп есептейді.

  1. Әлеуметтік жұмыстың миссиясы адамның әл-ауқатын жақсарту, халықтың өмірлік қиын жағдайда жүрген әлеуметтік қорғалмаған топтарының адами мұқтаждықтарын қанағаттандыруға көмек көрсету болып табылады.
  2. Әлеуметтік қызметкерге өз қызметінде моральдық-әдеп нормалар мен мінез-құлықтың базалық стандарттарын ұстану ұсынылады.
  3. Әлеуметтік қызметкер, егер ол азаматтық қызметші болып табылса, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 41-4) тармақшасына сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін Азаматтық қызметшілердің қызметтік әдеп кодексін сақтауы керек.
  4. Әлеуметтік қызметкерлерді қабылдауға жауапты адамдарға әлеуметтік қызметкерді өз міндеттерін орындау басталғанға дейін Әдістемелік ұсынымдармен таныстыруды қамтамасыз ету ұсынылады.
  5. Әлеуметтік қызметкерге лауазымға тағайындалғаннан кейін үш күн мерзімде жазбаша түрде Әдістемелік ұсынымдармен танысу және басшылыққа алу ұсынылады.

 

 

2-тарау. Әлеуметтік қызметкердің негізгі әдеп қағидаттары

 

  1. Әлеуметтік қызметкердің негізгі әдеп қағидаттары:

1) әлеуметтік әділдік:

көрсетілетін қызметті алушылардың негізгі әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әлеуметтік қызметкердің ресурстарды тең құқылы бөлуін болжайды;

2) адалдық:

әлеуметтік қызметкердің өз өкілеттіктерін, көрсетілетін қызметті алушылармен, әріптестерімен және өзге де адамдармен сенімгерлік қатынастарын теріс пайдалануына жол бермеу;

жеке және кәсіптік өмір арасындағы шекараны мойындауға және жеке материалдық пайда үшін өзінің жағдайын теріс пайдаланбауға бағдар береді;

көрсетілетін қызметті алушыларды оның мүдделеріне қатысты жүзеге асырылатын барлық іс-әрекеттер туралы толық көлемде хабардар етуді болжайды;

3) жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу:

әлеуметтік қызметкер көрсетілетін қызметті алушылардың жеке айырмашылықтары мен мәдени-этникалық алуан түрлілігін түсінумен жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтейді;

көрсетілетін қызметті алушыларға физикалық, моральдық және психологиялық зорлық-зомбылық әдістерін қолдануға жол бермейді;

        4) гуманизм:

        адам өмірі мен оның әл-ауқатын жоғары құндылықпен айқындайды;

        әлеуметтік қызметкердің адамға деген сүйіспеншілігін және адамға жанашырлық танытуын және әлеуметтік қызметкердің көрсетілетін қызметті алушы үшін барынша қолайлы және қауіпсіз жағдай жасауын болжайды;

5) патриотизм және қоғамға қызмет ету:

патриотизм және қоғамға қызмет ету әлеуметтік жұмыстың негізінде жатыр, әрбір азаматтың әл-ауқаты туралы қамқорлық көрсету арқылы көрінеді;

әлеуметтік қызметкер көрсетілетін қызметті алушыға оң нәтижелер мен әлеуметтік саладағы жетістіктерді жеткізеді;

әлеуметтік қызметкер Қазақстан Республикасының мәдени және тарихи дәстүрлерін сақтайды, бұл қатынасты көрсетілетін қызметті алушыларға жеткізеді;

        6) кәсіптік дамудың құзыреттілігі мен үздіксіздігі:

        әлеуметтік қызметкер өз құзыретінің шеңберін мойындайды және проблеманы шешудің неғұрлым жоғары деңгейі талап етілетін жағдайларда олардың шегінен шықпайды;

        әлеуметтік қызметкер өз кәсібилігінің деңгейін үнемі арттырады;

        әлеуметтік қызметкер өз қызметінде жаңа тәсілдер мен практикалық әдістерді іздеу мен бағалауды жүзеге асыра отырып, қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында өзінің құзыреттілігін қолдайды және кеңейтеді;

        7) жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтеу және төзімділік:

әлеуметтік қызметкер қызмет алушының сеніміне, құндылықтарына, мәдениетіне, мақсаттарына, мұқтаждарына, қалауына, басқа адамдармен өзара қарым-қатынастарына құрмет көрсете отырып, тілектестігін көрсетеді;

әлеуметтік қызметкер көрсетілетін қызметті алушылардың жеке басын, мүдделерін және әлеуметтік қажеттіліктерін олармен толерантты қарым-қатынас құру негізінде қорғайды және қадір-қасиетін төмендетпейді, ескереді деп көздейді;

8) құпиялылық:

құпиялылық әлеуметтік қызмет көрсету және әлеуметтік көмек көрсету мақсатында әлеуметтік қызметкер көрсетілетін қызметті алушы туралы ақпаратты басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тек оның рұқсатымен ғана бере алады деп болжайды;

әлеуметтік қызметкер цифрлық технологиялар мен әлеуметтік желілерді пайдалану әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік көмек көрсету кезінде құпиялылықты сақтау үшін қауіп төндіруі мүмкін екенін түсінеді.

 

3-тарау. Көрсетілетін қызметті алушыларға қатысты
ұсынылатын мінез-құлық

 

  1. Әлеуметтік қызметкерге көрсетілетін қызметті алушылармен қарым-қатынаста:

         1) сыпайылықты сақтай отырып, оларға құрметпен, сыпайылықпен жүгіну;

         2) өзара қарым-қатынасты заңнама талаптарына, әлеуметтік қызмет көрсету қағидалары мен стандарттарына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, шарттардың талаптарына қатаң сәйкестікте құру;

         3) әлеуметтік қызметтердің қағидалары мен стандарттары және өзге де нормативтік құқықтық актілер шеңберінде ең үздік нәтиже алу үшін әлеуметтік жұмыстың неғұрлым тиімді тәсілдерін, әдістерін, нысандарын таңдау;

         4) көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын түсіндіру және оларды бұзатын іс-әрекеттерге жол бермеу, оның ішінде тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша кемсітудің кез келген нысандарының алдын алу;

         5) көрсетілетін қызметті алушыларды әлеуметтік қызметтер көрсетуге байланысты тәуекел, мүмкіндіктер, міндеттер туралы хабардар етуге;

         6) көрсетілетін қызметті алушыларға қатысты жыныстық әрекеттер жасауға жол бермеуге;

         7) қорғаншымен немесе заңды өкілмен көрсетілетін қызметті алушының мүддесінде ғана өзара әрекет жасау;

         8) қайырымдылық көмек көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының субъективті позициясын ескеру;

         9) көрсетілетін қызметті алушының құпиясын құрметтеуге және көрсетілетін қызметті алушының өміріне, денсаулығына, материалдық салауаттылығына және психикалық жай-күйіне қауіп төндіретін жағдайларды, кәсіптік міндеттерге байланысты өзге де мән-жайларды қоспағанда, кәсіптік әлеуметтік көмек барысында алынған ақпаратты таратпауға;

         10) құпиялылықты мәжбүрлі түрде бұзу көрсетілетін қызметті алушыға осы жағдайларға мәжбүр ету туралы алдын ала хабарлаумен сүйемелденеді;

         11) дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнаманы басшылыққа алу;

         12) көрсетілетін қызметті алушының аудио-, бейне жазбаны жүргізуге, ол туралы бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жариялауға және үшінші инстанцияның әлеуметтік қызметкердің жұмысын бақылауға келісімін алуға;

         13) орындалған жұмыс үшін бағалы сыйлықтар қабылдамау ұсынылады.

 

4-тарау. Әлеуметтік қызметкерлердің әріптестеріне қатысты

ұсынылатын мінез-құлқы

 

  1. Әлеуметтік қызметкерге әріптестерімен қарым-қатынаста:

         1) сыпайылықты сақтай отырып, құрметпен, сыпайылық, әділ, сеніммен қарау;

         2) кәсіптік мүдделер мен наным-сенім негізінде өзара қарым-қатынас жасау;

         3) кәсіптік өзара қарым-қатынастар барысында әріптестерінің сенімін бағалау және ақтауға ұмтылу;

         4) ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал жасау және қолдау;

         5) әріптестерін ауыстырған кезде олардың беделі мүддесінде әрекет ету;

         6) әріптестермен кәсіптік жанжалдар дереу шешімді талап еткен кезде объективті заңды делдалдықты айқындау;

7) басқа әлеуметтік қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде сабырлық, сыпайылылық, бейтараптық таныту;

8) басқа әлеуметтік қызметкерлердің қызметін бағалауға жауапты әлеуметтік қызметкер оларды осы бағамен таныстыру;

         9) өз әріптестерінің сенімін асыра пайдаланбау, олардың кәсіптік міндеттерін орындауына кедергі келтірмеу, зиян келтірмеу;

         10) әріптестеріне теориялық, әдістемелік шеберлік деңгейін арттыруда және шығармашылық қабілеттерін дамытуда жәрдем көрсету ұсынылады.

 

 

5-тарау. Әлеуметтік қызметкердің қоғамға қатысты ұсынылатын мінез-құлқы

 

  1. Әлеуметтік қызметкер халық арасында гуманизмнің, қоғамға қызмет етудің жоғары қағидаттарын өткізуші болып табылады.

Әлеуметтік қызметкерге қоғамға қатысты:

         1) адамға немесе адамдар тобына қарсы әділетсіздікті, сондай-ақ олардың құқықтарының бұзылуын болдырмау;

         2) өмірлік қиын жағдайда жүрген отбасылар мен адамдардың жеке мүмкіндіктерін кеңейтуге жәрдемдесу;

         3) қажеттіне қарай тиісті әлеуметтік қызметтер құруға бастамашылық жасау;

         4) өмірдің әлеуметтік жағдайын жақсарту және әлеуметтік институттардың белсенді қызметін дамыту мақсатында әлеуметтік саясатты қалыптастыруға белсенді қатысу;

         5) төтенше жағдайлар туындаған кезде кәсіптік қызметтерді қамтамасыз ету ұсынылады.

        

 

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлер үшін лауазымдық міндеттерін орындау кезінде мінез-құлықтың кәсіптік әдебі жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы
Дата публикации
03 августа 2020