«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берілген «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлік дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.

2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар Бағдарламаны іске асыру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Жергілікті атқарушы органдар ай сайын Бағдарламада көрсетілген мерзімдерде Бағдарламаның бағыттары бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым, Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне Бағдарлама іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат, оның ішінде Бағдарламаны іске асыру шеңберінде бөлінетін қаражаттың пайдаланылуы туралы жиынтық ақпарат берсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.

5. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                     Б. Сағынтаев

 

Дата публикации
26 декабря 2019