«Жеке табыс салығы және (немесе) әлеуметтік төлемдер түрінде Бірыңғай жиынтық төлемді бөлу және аудару Қағидалары»
2017 жылғы 25 желтоқсандағы Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 775-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жеке табыс салығы және (немесе) әлеуметтік төлемдер түрінде Бірыңғай жиынтық төлемді бөлу және аудару Қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап, бірақ 2019 жылғы 1 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі.