Пресс-релиз
2023 ж. 20.10. Астана қ.
ЕҢБЕКМИНІНДЕ кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестің негізгі функциялары мен міндеттері талқыланды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестің (бұдан әрі – Кеңес) бірінші отырысы өткізілді, онда Кеңестің негізгі функциялары айтылып, ағымдағы жылдың соңына дейін шешудің бірінші кезектегі міндеттері талқыланды.
Кеңестің негізгі мақсаты әлеуметтік-еңбек саласындағы кәсіби біліктілікті дамыту мәселелерін үйлестіру болып табылады.
Бүгінгі таңда Министрлік әлеуметтік-еңбек саласындағы салалық біліктілік шеңберлері мен кәсіби стандарттарды өзектендіру бойынша жұмысты бастады.
Осылайша, кәсіби стандарттарды әзірлеу Career.enbek.kz Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасында жүргізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, кәсіптік біліктілік жөніндегі кеңестерді құру тәртібі мен үлгілік ережесі «Кәсіптік біліктілік туралы» Заңды іске асыру үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 378 бұйрығымен бекітілген.