«Еңбек нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына пресс-релизі

«Еңбек нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына пресс-релизі

 

«Еңбек нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – қаулы жобасы) Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленді.

Қазақстанның еңбек нарығын дамытудың тұжырымдамасы 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған еңбек нарығын дамыту жөніндегі негізгі бағыттарды, іс-шараларды, индикаторларды және жауапты орындаушыларды айқындайтын стратегиялық сипаттағы құжат болып табылады. Қазақстанның еңбек нарығын дамытудың тұжырымдамасы ұлттық басымдықтар мен мақсаттарды, сондай-ақ еңбек және жұмыспен қамту саласындағы халықаралық міндеттемелер мен стандарттарды ескере отырып әзірленді.

Ұсынылған шараларды іске асыру сапалы жұмыс орындарының санын ұлғайтуға және жұмыспен қамту құрылымын жақсартуға әкеледі.

2029 жылға қарай экономикада 3,6 млн сапалы жұмыс орны болады, бұл жалпы жұмыспен қамту құрылымында 45% - % құрайды.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Қаулы жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде және ЕХӘҚМ ресми сайтында орналастырылған.

баспасөз релизі
Дата публикации
20 октября 2023