«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ведомстволық статистикалық байқауларының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасына
пресс-релизі
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ведомстволық статистикалық байқауларының нысандарын бекіту туралы» бұйрығының жобасы «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2-1) тармақшасын іске асыру мақсатында әзірленді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
2023 жылғы 13 қазанда бұйрық жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде және ЕХӘҚМ ресми сайтында орналастырылған.