Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ведомстволық статистикалық байқауларының нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ведомстволық статистикалық байқауларының нысандарын бекіту туралы

 

 

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының                       13-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу іс-шаралары туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 7241201, индексі 1-Е (жұмысқа орналастыру), кезеңділігі айлық);

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу іс-шаралары туралы есеп» (коды 7241201, индексі 1-Е (жұмысқа орналастыру), кезеңділігі айлық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Жасырын жұмыссыздық жөніндегі мәлімет (қысқартылған және жұмыспен ішінара қамтылған қызметкерлер, жалақы бойынша берешек жөнінде)» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 7281201, индексі 3-ЕН (жасырын жұмыссыздық), кезеңділігі айлық);

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Жасырын жұмыссыздық жөніндегі мәлімет (қысқартылған және жұмыспен ішінара қамтылған жұмыскерлер, жалақы бойынша берешек жөнінде)» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды 7281201, индексі 3-ЕН (жасырын жұмыссыздық), кезеңділігі айлық) толтыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

         2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

         3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

 

 

 

С. Жақыпова

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Стратегиялық жоспарлау

және реформалар агенттігі

Ұлттық статистика бюросы

 

 

 

 

 

Бұйрық
Дата публикации
13 октября 2023