«Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қызметкердің орташа жалақысы орташа күндік (сағаттық) жалақыны бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасындағы жұмыс уақытының теңгеріміне қарай оқиға кезеңіне сәйкес келетін жұмыс күндерінің (жұмыс сағаттарының) санына көбейту жолымен есептеледі.»;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Жұмыс уақытының жиынтық есебі кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағы төлемінен басқа қызметкердің орташа жалақысы орташа сағаттық жалақыны орташа күндік жұмыс сағаттарының санына көбейту жолымен есептеледі.
Орташа күндік жұмыс сағаттарының саны мынадай формула бойынша айқындалады:
ОртКЖС = ОртАЖС / ОртАКК * ККоқ, мұндағы:
ОртКЖС – орташа күндік жұмыс сағаттарының саны;
ОртАЖС – тиісті күнтізбелік жылға арналған жұмыс уақытының теңгеріміне сәйкес бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасындағы орташа айлық жұмыс сағаттарының саны;
ОртАКК – тиісті күнтізбелік жылға арналған жұмыс уақытының теңгеріміне сәйкес мереке күндерін есептегемегенде күнтізбелік күндердің орташа айлық саны;
ККоқ - оқиға кезеңіне сәйкес келетін мереке күндерін есептемегенде күнтізбелік күндер саны.
Жұмыс уақытының жиынтық есебі кезінде жұмыс берушінің актісінде егер қызметкерлердің жағдайын нашарлатпайтын болса, орташа жалақыны есептеудің өзге тәртібі көзделуі мүмкін.»;
мынадай мазмұндағы 7-2-тармақпен толықтырылсын:
«7-2. Жұмыс уақытының жиынтық есебі бойынша жұмыс істейтін жұмыскерлерге еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақыны есептеу үшін орташа жалақы орташа сағаттық жалақыны жұмыс беруші жасаған кесте бойынша еңбекке уақытша жарамсыздығы салдарынан өткізіп алған жұмыс сағаттарының санына көбейту жолымен айқындалады, бірақ тиісті жылға жұмыс уақытының теңгерімінде белгіленген жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығынан аспайды.»;
мынадай мазмұндағы 15-тармақпен толықтырылсын:
«15. Еңбек шарты тоқтатылған кезде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын (жыл сайынғы еңбек демалыстарын) пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалыстарының) пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.
Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланбаған күндері үшін өтемақы төлемі еңбек шарты тоқтатылған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген тәртіппен жүргізіледі және бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасын негізге ала отырып, осы кезеңге сәйкес келетін жұмыс күндері (жұмыс сағаттары) есептеледі.
Жұмыс уақытының жиынтық есебі кезінде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланбаған күндері үшін өтемақы төлемі осы Қағидалардың 7-1-тармағында көзделген тәртіппен, бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы кезіндегі жұмыс уақытының теңгеріміне сүйене отырып жүргізіледі.»;
көрсетілген бұйрыққа қосымша мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:
«20) Еңбек кодексінің 112-бабына сәйкес бос тұрып қалу жағдайында қызметкерлерге төленген сомалар жатады.».
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазым |
|
ТАӘ |