«Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасына баспасөз-релизі

«Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасына

баспасөз-релизі

 

 

Жұмыс уақытының жиынтық есебі ауысымдық жұмыс, вахталық жұмыс әдісі кезінде қолданылады.

Қолданыстағы ҚР Еңбек кодексінде ауысымдық және вахталық жұмыс әдісімен жұмыс істейтін жұмыскерлерге еңбек демалысын олардың ауысымаралық, вахтааралық демалысында беруге тыйым салынбаған.

Осыған байланысты әр түрлі жұмыс режиміндегі жұмыскерлерде еңбек демалысы кезеңіне сәйкес келетін жұмыс сағаттарын есептеу кезінде теңгерімсіздікті болдырмау мақсатында, сондай-ақ жұмыс уақытының жиынтық есебі кезінде жұмыскерлердің осы санаты үшін белгіленген күнделікті және (немесе) апта сайынғы жұмыс уақыты ұзақтығының нормасы орташа алғанда сақталатындығын ескере отырып, «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасымен жұмыс уақытының жиынтық есебі кезінде орташа жалақыны есептеу үшін бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасындағы жұмыс уақытының теңгеріміне қарай орташа күндік жұмыс сағаттарының санын қолдану ұсынылады.

«Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасына баспасөз-релизі
Дата публикации
11 октября 2023