«Әлеуметтік-еңбек саласындағы кейбір мемлекеттік қызметтерді «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы және проактивті форматта көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының бірлескен бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

«Әлеуметтік-еңбек саласындағы кейбір мемлекеттік қызметтерді «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы және проактивті форматта көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының бірлескен бұйрығының жобасына баспасөз-релизі

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 26-3) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес «Әлеуметтік-еңбек саласындағы кейбір мемлекеттік қызметтерді «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы және проактивті форматта көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының бірлескен бұйрығының жобасын (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) әзірледі.

Бұйрық жобасымен Әлеуметтік-еңбек саласындағы кейбір мемлекеттік қызметтерді «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы және проактивті форматта көрсету жөніндегі пилоттық жобаға қатысатын халықты жұмыспен қамту орталықтарының тізбесін, сондай-ақ, осы пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту көзделген.

Пилоттық жоба шеңберінде «Жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға жәрдем көрсету» және «Жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметтерін көрсету Электрондық еңбек биржасы арқылы және проактивті форматта халықты жұмыспен қамту және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың бірлескен шешімімен айқындалған тізбеге сәйкес жұмыспен қамту орталықтарында жүзеге асырылады.

Приказная часть каз
Дата публикации
24 июля 2020