«Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз релизі
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі - жоба) тізімдік (тізілімдік) төлемдер жүргізуді көздемейтін МХ халықаралық форматында хабарламалар беруді көздейтін ISO 2022 стандартының енгізілуіне сәйкес әзірленді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға алып келмейді.
2023 жылғы 20 наурызда жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылды.
Бұдан басқа, жобаны қабылдау және іске асыру мемлекеттік бюджет қаражатынан қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.