Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес құру туралы хабарландыру

Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес құру туралы хабарландыру «Кәсіптік біліктілік туралы» ҚР Заңына сәйкес ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) жанынан еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы кәсіптік біліктілікті дамыту жөніндегі мәселелерді үйлестіру мақсатында консультативтік-кеңесші орган – кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес (бұдан әрі – салалық кеңес) құрылады. Осыған байланысты Министрлік салалық кеңестің құрамына енгізу үшін құжаттар қабылдау басталғаны туралы хабарлайды. Еңбекминінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 378 бұйрығымен бекітілген Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестерді құру қағидаларына сәйкес Салалық кеңес құрамына Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының; Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық органның; жұмыс берушілердің; салалық кәсіптік одақтардың (бар болса); жұмыс берушілердің салалық бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары), олар болмаған кезде салалық ұйымдардың (бар болса); тиісті салада (аяда) білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының екеуден аспайтын өкілі кіреді. Салалық кеңеске енгізу үшін мүдделі тұлғалар: 1) жазбаша өтініш; 2) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес тиісті салада (аяда) жұмыс тәжірибесін растайтын құжат ұсынады. Салалық кеңеске енгізу үшін қажетті құжаттарды 2023 жылғы 18 қыркүйекке дейін G.Sabitova@enbek.gov.kz. электрондық поштаға жіберуге болады.
Дата публикации
12 сентября 2023