«Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының жұмысының нәтижелерін бағалау қағидалары мен өлшемшарттарын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасына
баспасөз-релизі
«Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының жұмысының нәтижелерін бағалау қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 156-бабы 3-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.
2023 жылғы 12 мамырда бұйрық жобасы жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырылды.
2023 жылғы 12 мамырда бұйрық жобасы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес мүшелеріне қарау және келісу үшін жіберілді.
2023 жылғы 18 мамырда бұйрық жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу үшін жіберілді.