«Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға бөлінген қаражатты пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 шілдедегі № 520 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулы жобасы

«Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға бөлінген қаражатты пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 шілдедегі № 520 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулы жобасына

баспасөз релизі

  «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» 2019 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру мақсатында ««Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға бөлінген қаражатты пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 шілдедегі № 520 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулы жобасы әзірленді.

   Қаулы жобасында екінші деңгейдегі банктерде және микроқаржы ұйымдарында кепілсіз тұтынушылық несиелер бойынша берешекті өтеу арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының қарыздық жүктемесін азайтуға бағытталған шараларды іске асыруды кейінге қалдыру қарастырылған.

«Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға бөлінген қаражатты пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 шілдедегі № 520 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
22 июля 2020