Пресс-релиз
«Инфляцияның деңгейін ескере отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығының жобасына
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Инфляцияның деңгейін ескере отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша кейбір мәселелер туралы» бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Бұйрықтың жобасы) Қазақстан Республика Үкіметінің қаулысымен бекітілген инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын сақтау бойынша зейнетақы төлемдерін алушыларға мемлекет кепілдіктерін орындау қағидаларының 5, 8, 9, 14, 16-тармақтарына сәйкес 2023 жылғы 30 маусым № 522 әзірленді,
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Бұйрықтың жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде және Еңбекминінің ресми сайтында орналастырылған.