Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы ____________ №__________ «Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестерді құру қағидаларын айқындау және олардың үлгілік ережесін бекіту туралы» бұйрықтың жобасына баспасөз-хабарлама
Бұйрықтың жобасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ____________ 2023 жыл №__________ «Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестерді құру қағидаларын айқындау және олардың үлгілік ережесін бекіту туралы» (бұдан әрі – бұйрық жобасы) «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес әзірленді.
Бұйрықтың жобасы 2023 жылғы 1 шілдеде Әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелеріне жолданды.
2023 жылғы 1 шілдеде бұйрықтың жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылды.