«Кәсіптік біліктілікті тану қағидаларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы № бұйрығының жобасына баспасөз-хабарлама
«Кәсіптік біліктілікті тану қағидаларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы №____ бұйрығының жобасы (бұдан әрі – бұйрық жобасы) «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.
2023 жылғы 26 маусымда бұйрықтың жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылды.
2023 жылғы 5 шілдеде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңеске келісу үшін жолданған.