«Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасын қалыптастыру, қолдап отыру және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсету, өзге де ақпараттық жүйелермен интеграциялау, сондай-ақ Ұлттық біліктілік жүйесінің мәселелері бойынша деректерді талдау және өңдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы № бұйрығының жобасына баспасөз-хабарлама
«Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасын қалыптастыру, қолдап отыру және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсету, өзге де ақпараттық жүйелермен интеграциялау, сондай-ақ Ұлттық біліктілік жүйесінің мәселелері бойынша деректерді талдау және өңдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы №____ бұйрығының жобасы (бұдан әрі – бұйрық жобасы) «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
Бұйрықтың жобасы 2023 жылғы 5 шілдеде Әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелеріне жолданды.
2023 жылғы 26 маусымда бұйрықтың жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылды.