Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бастап ____________ 2023 жыл №__________ «Ағымдағы және болашақ кезеңдердегі кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, кәсіптік біліктілікті тануда еңбек нарығының қажеттілігін қалыптастыру қағидаларын айқындау туралы» бұйрықтың жобасына баспасөз-хабарлама
Бұйрықтың жобасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ____________ 2023 жыл №__________ «Ағымдағы және болашақ кезеңдердегі кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, кәсіптік біліктілікті тануда еңбек нарығының қажеттілігін қалыптастыру қағидаларын айқындау туралы» (бұдан әрі – бұйрық жобасы) «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.
Бұйрықтың жобасы 2023 жылғы 1 шілдеде Әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелеріне жолданды.
2023 жылғы 1 шілдеде бұйрықтың жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылды.