«Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасына баспасөз-релизі

«Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасына баспасөз-релизі

 

 

 «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысының жобасы (бұдан әрі – қаулы жобасы) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне шетел валютасындағы ипотекалық қарыздар, көрсетілетін төлем қызметтері нарығының субъектілерін реттеуді жетілдіру, жалпыға бірдей декларациялау және экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 3 шiлдедегi № 359-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленген, сондай-ақ, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабына сәйкес нормативтік құқықтық актілерге жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша нормаларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру.

Қаулы жобасымен Қазақстан Республикасының 6 (алты) қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылған:

мемлекеттік қызметтерді көрсету бөлігінде:

- 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеудiң және оларға куәлік берудің кейбiр мәселелерi туралы»;

- 2011 жылғы 25 мамырдағы № 571 «Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»;

- 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын және зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы»;

- 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 341 «Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидаларын бекіту туралы»;

- 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 184 «Ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру қағидаларын, ақталған адамның куәлігінің үлгісін бекіту және «Саяси қуғын-сүргінге ұшырап ақталған адамдарды куәлікпен қамтамасыз ету тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 22 қазандағы № 1055 қаулысының күші жойылды деп тану туралы»;

елдің экономикалық өсуін қалпына келтіру жөніндегі шаралар шеңберінде нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жеке тұлғалардың табыстарынан 2020 жылғы 1 маусымнан бастап 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге 5% мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесін белгілеу бөлігінде:

- 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы».

ҚРҮ қаулы жобасы (қаз)
Дата публикации
14 июля 2020