Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жыл __________ №__________«Кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын аккредиттеу, аккредиттеу аттестатын тану, қайта ресімдеу, кері қайтарып алу, қайта бастау және қолданысын тоқтату қағидаларын, сондай-ақ аккредиттеуден кейінгі шарттың үлгілік нысаны мен талаптарын бекіту туралы» бұйрықтың жобасына баспасөз-хабарлама
Бұйрықтың жобасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ____________ 2023 жыл №__________ «Кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын аккредиттеу, аккредиттеу аттестатын тану, қайта ресімдеу, кері қайтарып алу, қайта бастау және қолданысын тоқтату қағидаларын, сондай-ақ аккредиттеуден кейінгі шарттың үлгілік нысаны мен талаптарын бекіту туралы» (бұдан әрі – бұйрық жобасы) «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
Бұйрықтың жобасы 2023 жылғы 1 шілдеде Әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелеріне жолданды.
2023 жылғы 1 шілдеде бұйрықтың жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылды.