Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы З А Ң Ы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«3. Зиян: кәмелетке толмағандарға - он сегiз жасқа толғанға дейiн, он сегiздегi және одан да ересек жастағы оқушыларға - күндiз оқыту нысанындағы оқу орындарындағы оқуы аяқталғанға дейiн, бiрақ әрi кеткенде жиырма үш жасқа дейiн; Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған адамдарға - өмiр бойы; мүгедектігі бар адамдарға - мүгедектiк мерзiмiне; ата-аналарының бiреуiне, жұбайына не қайтыс болған адамның асырауында болған балаларын, немерелерiн, аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерiн, қарындастарын күтумен айналысатын отбасының басқа мүшесiне - олар он төрт жасқа толғанға дейiн не денсаулық жағдайы өзгергенге дейiн өтеледi.»;
«1) ауруханаларда, санаторийлерде, өзге де емдеу-алдын алу мекемелерiнде емделiп жатқан, сондай-ақ қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған үйлерде тұратын азаматтардың осы ауруханалардың, санаторийлердiң, өзге де емдеу-алдын алу мекемелерiнiң бас дәрiгерлерi және кезекшi дәрiгерлерi, сондай-ақ қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған үйлердiң директорлары, бас дәрiгерлерi куәландырған өсиеттерi;».
1) 51-баптың 1-тармағының 8-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) мыналарға:
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген спирттің барлық түріне;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген алкоголь өніміне;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыраға;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі бұйымдарына;
Қазақстан Республикасының аумағында жасалған жеңіл автомобильдерге (мүгедектігі бар адамдарға арнайы арналған қолмен басқарылатын немесе қолмен басқаруға бейімделген автомобильдерден басқа);бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынына акциздер;»;
«8) мыналарға:
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген спирттің барлық түріне;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген алкоголь өніміне;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыраға;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі бұйымдарына;
Қазақстан Республикасының аумағында жасалған жеңіл автомобильдерге (мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы арналған қолмен басқарылатын немесе қолмен басқаруға бейімделген автомобильдерден басқа);
бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынына акциздер;»;
«мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;»;
«аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік көмек түрлерін қоспағанда, қарттарды және мүгедектігі бар балаларды қоса, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру;»;
«мүгедектігі бар балаларды қоса алғанда, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру;»;
«үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедектігі бар балаларды материалдық қамтамасыз ету;»;
«жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекші, құлағы естімейтін мүгедектігі бар адамдар үшін - ымдау тілінің мамандарын ұсыну;»;
«7) мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мәдени-бұқаралық және ағарту іс-шараларын ұйымдастыру;»;
«9) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен және мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектігі бар адамдар арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;».
1) 1-баптың 1-тармақшасының 68 және 76-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«68) медициналық-әлеуметтік оңалту - жұмысқа араластыруға, отбасылық және қоғамдық өмірге қатыстыруға арналған медициналық, әлеуметтік және еңбек іс-шараларын кешенді пайдалану арқылы науқастар мен мүгедектігі бар адамдардың денсаулығын қалпына келтіру;»;
«76) медициналық оңалту - науқастар мен мүгедектігі бар адамдар организмінің бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын сақтауға, ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені;»;
2) 122-баптың 1-тармағының 3-тармақшасы:
«3) психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдарға, оның ішінде оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес – мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік-тұрмыстық көмек көрсетуге және еңбекке орналасуына жәрдемдесуге кепілдік береді.»;
122-баптың 2-тармағының 2 және 3-тармақшалары:
«2) психикасының бұзылуынан зардап шегуші кәмелетке толмағандарға, оның ішінде оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес – мүгедектігі бар адамдарға жалпы білім беретін және кәсіптік оқытуды ұйымдастырады;
3) өндірістік-емдеу ұйымдарын, сондай-ақ еңбек терапиясына, мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда, психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдарды осы ұйымдарда еңбекке орналастыру үшін жаңа мамандықтарға оқытуға арналған еңбек жағдайлары жеңілдетілген арнайы өндірістер, цехтар немесе учаскелер құрады.»;
3) 136-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«Денсаулық сақтау ұйымдары денсаулық сақтау объектілерінің мүгедектігі бар адмдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтары үшін қолжетімділігі бойынша оларды бейімдеуге жағдайлар қалыптастырады.».
1) 147-баптың 2-тармағының 3-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) он сегіз жасқа толғанға дейін ортақ мүгедектігі бар баланы күтіп - бағуды жүзеге асыратын, сондай-ақ он сегіз жасқа толған ортақ мүгедектігі бар балаға I-II топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда, мұқтаж жұбайы (зайыбы) тағайындалады.»;
2) 148-баптың 1-тармағының 2-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ортақ мүгедектігі бар баланы он сегіз жасқа толғанға дейін бағып-күтуді жүзеге асырып отырған, сондай-ақ он сегіз жасқа толған соң ортақ мүгедектігі бар балаға I-II топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда көмекке мұқтаж бұрынғы жұбайының;»;
2) 222-баптың 3-тармағының 6-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) жүріп-тұруы қиын мүгедектігі бар адамдарды дәрігерлік-консультативтік комиссияның төрағасы куәландыруы мүмкін.».
1) 43-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қоғамдық жұмыстарға тарту жүктi әйелдерге, үш жасқа дейiнгi жас балалары бар әйелдерге, үш жасқа дейiнгi жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектерге, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдерге, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адамдарға, әскери қызметшілерге тағайындалмайды.»;
2) 44-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бас бостандығын шектеу сотталған адамға алты айдан жеті жылға дейінгі мерзімге пробациялық бақылау белгілеуден және оны жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын бір жүз сағаттан мәжбүрлі еңбекке тартудан тұрады. Бас бостандығын шектеу сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша қоғамнан оқшауланбай өтеледі. Мәжбүрлі еңбекті жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастырады және күніне төрт сағаттан асырылмай өтеледі. Тұрақты жұмыс орны бар немесе оқып жүрген сотталғандар, кәмелетке толмағандар, жүктi әйелдер, үш жасқа дейiнгi жас балалары бар әйелдер, үш жасқа дейiнгi жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектер, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдер, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектер, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ жазасы алты айдан аз мерзімге бас бостандығын шектеуге ауыстырылған сотталғандар мәжбүрлі еңбекке тартылмайды.»;
3) 45-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қамаққа алу кәмелетке толмағандарға, жүкті әйелдерге, жас балалары бар әйелдерге, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектерге, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдерге, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адамдарға тағайындалмайды.»;
4) 72-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жүкті әйелдерге, жас балалары бар әйелдерге, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектерге, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдерге, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату:»;
72-баптың 7-тармағының 2-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату қолданылған адам, егер жазаның қалған өтелмеген бөлiгi iшiнде:
2) қылмысты абайсызда жасаса, сол сияқты жүктi әйел, жас балалары бар әйел, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркек, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйел, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркек, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедігі бар адам қылмыстық теріс қылық, қасақана онша ауыр емес қылмыс жасаған жағдайларда, жаңа қылмыс үшін жаза тағайындау кезiнде шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатудың күшiн жою не оны күшінде қалдыру туралы мәселенi сот шешедi. Егер сот шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жойса, жаза үкімдердің жиынтығымен жаза тағайындау қағидалары бойынша тағайындалады;»;
5) 152-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әйелмен оның жүктілігі себебі бойынша еңбек шартын жасасудан негізсіз бас тарту немесе онымен еңбек шартын негізсіз тоқтату немесе үш жасқа дейінгі балалары бар әйелмен осы себептер бойынша еңбек шартын жасасудан негізсіз бас тарту немесе онымен еңбек шартын негізсіз тоқтату, сол сияқты мүгедектігі бар адаммен оның мүгедектігі себебі бойынша не кәмелетке толмаған адаммен оның кәмелетке толмағандығы себебі бойынша еңбек шартын жасасудан негізсіз бас тарту немесе еңбек шартын негізсіз тоқтату – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бір жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.».
1) 145-баптың 3-тармағының 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) асырауында кәмелетке толмаған балалары, қарт ата-анасы, мүгедектігі бар туыстары бар, сондай-ақ қорғаншы және қамқоршы болып табылатын адамдарға;»;
2) 640-баптың 2-тармағының 3-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мүгедектігі бар адам болып табылатын басқа да адамдардың сот отырысына толыққанды қатысуын қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық не техникалық мүмкiндiктері болмаған кезде, оларды процеске қатысушылармен талқыламастан, алқаби мiндеттерiн атқарудан босатады.».
1) 10-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сөйлеу не есту, не көру кемістігі бар мүгедектігі бар адамдар болып табылатын сотталғандардың дактильді-ымдау тілін немесе Брайль әліпбиін меңгерген мамандар көрсететін қызметтерді пайдалануға құқығы бар.»;
2) 52-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Сотталған адам бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адам деп танылған кезде, пробация қызметі сотқа оны жазасын одан әрі өтеуден босату туралы ұсыну енгізеді.»;
3) 57-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Сотталған адам бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адам деп танылған кезде, пробация қызметі сотқа оны жазасын одан әрі өтеуден босату туралы ұсыну енгізеді.»;
4) 69-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сотталған адам бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адам деп танылған кезде, пробация қызметі сотқа оны мәжбүрлі еңбектен босату туралы ұсыну, ал сотталған адам жүкті болған жағдайда – жазасын өтеуін кейінге қалдыру туралы ұсыну жібереді.»;
«Науқас сотталғандар, мүгедектігі бар адамдар медициналық қорытындыда саны мен ассортименті айқындалған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар салынған сауқаттар мен сәлемдемелер алуға құқылы;»;
«Сотталған жүкті әйелдерге және жанында жас балалары бар сотталған әйелдерге, сондай-ақ мүгедектігі бар адам болып табылатын сотталғандарға қатысты мекеме түрін толық қауіпсіз мекемеге өзгертуге жол берілмейді.»;
«3. Жүктi әйелдер, балалары бар әйелдер, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар мен емдеу-профилактикалық мекемелерде ұсталатын сотталғандар тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражаты есебінен шектеусiз сатып алуға құқылы.»;
«Мекемеден тыс жерде кәмелетке толмаған мүгедектігі бар балалары бар сотталған әйелдердің олармен кездесу үшін жылына бір рет қысқа мерзімге шығуына құқығы бар.»;
«4. Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар болып табылатын және денсаулық жағдайына байланысты үнемі күтiмдi қажет ететін сотталғандарға, сондай-ақ кәмелетке толмаған сотталғандарға мекеме шегінен тыс жерге шығуға жұбайының (зайыбының), туысының немесе өзге еріп жүруші адамның бірге жүруiмен рұқсат етiледi.»;
«5. Жүкті әйелдерге, бала емізетін аналарға, кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ науқастар мен мүгедектігі бар адамдар жақсартылған тұрғынжай-тұрмыстық жағдайлар жасалады және тамақтанудың жоғарылатылған нормалары белгіленеді.»;
«6. Мүгедектігі бар адам болып табылатын сотталғандар ұсталатын үй-жайлар арнаулы техникалық құралдармен және құрылғылармен жабдықталады.»;
10) 127-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Отыз жастан асқан сотталғандар мен мүгедектігі бар адамдар бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiмдi өздерiнiң қалауы бойынша алады.»;
11) 134-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мүгедектігі бар сотталғандарды ұстауға арналған тәртіптік изоляторлардағы камералар мен жалғыз адамдық камералар арнаулы техникалық құралдармен жабдықталады.»;
12) 144-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Сотталған жүкті әйелдер мен жанында жас балалары бар сотталған әйелдер, сондай-ақ мүгедектігі бар адам болып табылатын сотталғандар қатаң жағдайларда ұсталмайды.»;
13) 162-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары немесе бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаға сотталған адам бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адам деп танылған жағдайда, жазаны орындайтын орган сотқа оны жазасын өтеуден мерзiмiнен бұрын босату туралы ұсыну енгiзедi.»;
14) 166-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ алпыс үш жастан асқан ерлер мен елу сегіз жастан асқан әйелдерді олардың жазбаша өтiнiшi және мекеменiң ұсынуы бойынша әлеуметтiк қорғау органдары мүгедектер және қарттар үйiне жiбередi.»;
15) 167-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, жүктi әйелдер мен жас балалары бар әйелдердi, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеуден босату кезiнде мекеме әкiмшiлiгi олардың жұбайын (зайыбын), туыстарын не сотталған адамның өтінішінде көрсетілген өзге де адамдарды, сондай-ақ сотталған адамның таңдаған тұрғылықты жері бойынша пробация қызметін алты ай бұрын хабардар етедi.»;
16) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің қосымшасының 9-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) мүгедектігі бар адамдарғы жүрiп-тұруына арнап жасалған көлiк құралдары, мүгедектігі бар адамдардың техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдары мен арнайы жүріп-тұру құралдары;».
1) 138-баптың 47-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«47) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау саласында;».
1) 112-баптың 1-тармағының 3-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, І және ІІ топтардағы мүгедектігі бар адамдар, жасына байланысты зейнеткерлер болып табылатын, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес даулар бойынша талап қоюшылар мен жауапкерлерді;».
«2. Мүгедектігі бар адаммен жасалатын еңбек шарттары олардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, жұмыс орындарын жабдықтау бойынша шарттарды қамтуы тиіс.»;
«2. Осы кодекстің 52-бабының 1-тармағының 2 және 3-тармақшаларымен жұмыс берушіге жүктілік туралы анықтаманы ұсынған жүктi әйелдермен, үш жасқа дейiнгi балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланы) тәрбиелеп отырған жалғызілікті аналармен, аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отырған өзге де адамдармен осы Кодекстiң 52-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзуға жол берілмейді.»;
«3. Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар қызметкерлерге жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді –аптасына 36 сағаттан артық емес.»;
«8. Бірінші топтағы мүгедектігі бар жұмыскерлерге жұмыс уақытының жиынтық есебін қолдануға жол берілмейді.
Егер кәсіптік патологиялық сараптама комиссиясының қорытындысы негізінде мұндай режимге тыйым салынған болса, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар қызметкерлерге жұмыс уақытының жиынтық есебі белгіленуі мүмкін емес.»;
«3. Мүгедектігі бар адамдарды түнгі уақыттағы жұмысқа тартуға, мұндай жұмысқа медициналық қорытындыға сәйкес олардың денсаулық жағдайы бойынша тыйым салынбаған жағдайда, олардың жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.
1) жеті жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді және жеті жасқа дейінгі балаларды анасыз тәрбиелеп отырған басқа да адамдарды;
2) он алты жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған жұмыскерлерді жазбаша келісімінсіз түнгі уақыттағы жұмысқа тартуға құқылы емес.»;
6) 77-баптың 3-тармағының 3-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мүгедектігі бар адамдар жіберілмейді.»;
«2) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары беріледі.»;
8) 127-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер, жүкті әйелдер, сондай-ақ мүгедектігі бар жұмыскерлер үшін мұндай жұмысқа медициналық көрсетілімдер бойынша тыйым салынбаған болса, оларды іссапарға жіберуге жол беріледі. Бұл ретте, аталған жұмыскерлер іссапарға барудан бас тартуға құқылы.
9) 135-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Вахталық әдіспен орындалатын жұмыстарға он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер, жүктілігі туралы анықтама берген, он екі және одан көп апта жүктілік мерзіміндегі жүкті әйелдер, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар медициналық қорытындыны ұсынған күннен бастап жіберілмейді. Өзге жұмыскерлер, егер медициналық қорытындылар негізінде мұндай жұмыстардың оларға қарсы көрсетілімі болмаса, вахталық әдіспен орындалатын жұмыстарға тартылуы мүмкін.».
1) 13-бапта:
2-тармақта бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Экологиялық қасірет аймағында тұратын зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдар:»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған интернат-үйлерде орындармен қамтамасыз етуде артықшылық алуға құқық беріледі.»;
2) 17-бапта:
2- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Экологиялық қасірет салдарынан І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдардың Қазақстан Республикасының облыс орталықтарын, республикалық маңызы бар қалаларын және астанасын қоспағанда, жаңа тұратын жері бойынша бірінші кезекте тұрғын үй алуға құқығы бар.».
1) 10-бапта бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«осы баптың екiншi және үшінші абзацтарында аталған, мүгедектігі бар адам деп танылған аурулары бар адамдардың балалары, олардың денсаулық жағдайы мен Заңда аталған аймақтарда ата-аналарының бiрiнiң болу факторы арасындағы себепті байланыстар анықталған ретте.».
1) 24-бапта:
бірінші бөлікте жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған интернат-үйлерге бiрiншi кезекте орналасуға, оларда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес толық мемлекеттiк қамсыздандыру жағдайында тұруға;».
1) 6-баптың сегізінші және тоғызыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыру кезінде, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қоса алғанда, жаңа технологияларды, мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделген құрылғылар мен технологиялардың ұтқырлығын жеңілдететін құралдарды пайдалану;
жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын көлік жұмыскерлерін мүгедектігі бар адамдар қарым-қатынас жасау және оларға қызмет көрсету дағдыларына үйрету, оның ішінде ымдау тіліне үйрету;»;
2) 11-баптың он үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мүгедектігі бар адамдарға жолаушылар тасымалының, тасымалдаушылар көрсететін қызметтердің, қызмет көрсету жөніндегі ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуге, оларға тасымалдау бойынша қызметтер көрсету кезінде қолайлы және қажетті жағдайлар жасауға міндетті.»;
3) 18-баптың оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Тасымалдаушы рейстер он және одан да көп сағатқа кідірген жағдайда жолаушыларға, оның ішінде мүгедектігі бар адамдардың мұқтаждығын ескере отырып, өз есебінен қонақүйден орындар беруге және оларды тамақтандыруға міндетті.»;
«1-1) мүгедектігі бар адамдарға жолаушылар тасымалының, тасымалдаушылар көрсететін қызметтердің, қызмет көрсету жөніндегі ақпараттың қолжетімділігінің қамтамасыз етілуін, оларға тасымалдау бойынша қызметтер көрсету кезінде қажетті қолайлылық пен жағдайлар жасалуын бақылауды;».
1) 5-баптың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдарға жiберу кәмелетке толмағандарға, жүктi әйелдерге, белгiленген тәртiппен аналық құқынан айырылмаған, 8 жасқа дейiнгi баласы бар әйелдерге, 1 және 2-топтағы мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен тiзбедегi медициналық қарсы айғақтары барларға қолданылмайды.».
1) 74-2-баптың 3-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
5) бесінші кезекте тек қайырымдылықпен айналысатын коммерциялық емес ұйымдармен, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ұйымдарымен, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлердің ұйымдарымен және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің ұйымдарымен, Қазақстан Республикасы мүгедектерінің ерікті қоғамымен, Қазақ зағиптар қоғамымен, Қазақ саңыраулар қоғамымен және осы заңды тұлғалардың меншігі болып табылатын және олардың қаражаты есебінен құрылған өндірістік ұйымдармен, басқа да мүгедектігі бар адамдар ұйымдарымен олардың банктік шоттардағы және депозитке орналастырылған қаражаты бойынша есеп айырысулар жүзеге асырылады;
1) 9-2-баптың 2-тармағының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ бала кезінен мүгедектігі бар адамдардың ата-анасының біреуіне;».
1) 1-баптың 1, 2, 3 және 5-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдар;
2) әскери және интернационалдық борышын атқару кезiнде қаза тапқан әскери қызметшiлердiң жесiрлерi, күйеулерi соғыс мүгедектігі бар адамдар және оларға теңестiрiлген адамдардың әйелдерi;
3) 16 жасқа дейiнгi балалары, I және II топтағы мүгедектігі бар балалары бар әйелдер, сондай-ақ жүктi әйелдер;
5) I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар;»;
2) 25-бапта:
2-тармақшаның оныншы және он бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедектігі бар адамдар мен оларға теңестiрiлген мүгедектігі бар адамдардың әйелдерiне (ерлерiне), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандар мен астыртын қимыл жасаушылардың, Ленинград қаласындағы қоршау кезеңiнде қаланың кәсiпорындары мен ұйымдарында жұмыс iстеген, «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен марапатталған, жалпы науқастану, еңбекте зақымдану мен басқа да себептер (құқыққа қарсы iс-әрекеттер салдарынан мүгедектігі бар адам болған адамдарды қоспағанда) салдарынан мүгедектігі бар адам деп танылған, басқа тiркелген некеде тұрмаған азаматтардың әйелдерiне (ерлерiне);»;
«Чернобыль атом электр станциясындағы апат пен Семей ядролық полигонындағы жарылыстардың салдарынан зардап шеккен және мүгедектігі бар адам болып қалған азаматтарға;»;
3-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Ұлы Отан соғысының мүгедектігі бар адамдар мен оларға теңестiрiлген адамдар деп мыналар түсiнiледi:
Ұлы Отан соғысы кезеңiнде майданда, әскери қимылдар ауданында, темiр жолдардың майдан өңiрiндегi учаскелерiнде, қорғаныс шептерi, әскери-теңiз базалары мен аэродромдар құрылыстарында жарақаттану, жарымжан болу, зақымдану немесе сырқаттану салдарынан мүгедектігі бар адам болып қалған Ұлы Отан соғысының майдандағы армиясының әскери қызметшiлерi, партизандары мен астыртын қимыл жасаушылары, сондай-ақ тиiстi санаттардағы жұмысшылары мен қызметшiлерi және зейнетақымен қамсыздандыру жөнiнен әскери қызметшiлерге теңестiрiлгендер қатарындағы адамдар;
1945 жылы Жапониямен соғыс барысында жарақаттану, жарымжан болу, зақымдану немесе сырқаттану салдарынан мүгедектігі бар адам болып қалған бұрынғы КСРО Қарулы Күштерiнiң әскери қызметшiлерi мен ерiктi жалданушылары қатарындағы адамдар;
бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, басқа кезеңдерде әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақат, жарымжан болу, зақымдану салдарынан немесе майданда болуына байланысты сырқаттану салдарынан, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өтеген кезде мүгедектігі бар адам болып қалған әскери қызметшiлер қатарындағы адамдар;
қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде жарақаттану, жарымжан болу, зақымдану салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде қызмет мiндеттерiн атқаруына байланысты сырқаттану салдарынан мүгедектігі бар адам болып қалған бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;
басқа елдердегi майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсетушi және ұрыс қимылдарын жүргiзу кезеңiнде жарақаттану, жарымжан болу, зақымдану не сырқаттану салдарынан мүгедектігі бар адам болып қалған жұмысшылар мен тиiстi санаттағы қызметшiлер.»;
3) 26-баптың 2-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) соғыс мүгедектігі бар адам мен оларға теңестiрiлген адамдардың әйелдерiне қолданылады деп белгiленсiн.»;
4) 28-баптың 1 және 3-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) 1-баптың 3-тармақшасы - ана құқығынан айырылмаған және балаларды, соның iшiнде асырап алған, не қамқорлыққа алған, осы Заң күшiне енген күнi 16 жасқа толмаған балалары бар, не жасына қарамастан I және II топтардағы мүгедекігі бар балалары бар әйелдерге; осы Заң күшiне енген күнi жүктi болған әйелдерге;»;
«3) 1-баптың 5-тармақшасы осы Заң күшiне енгенге дейiн белгiленген тәртiппен I және II топтардың мүгедектігі бар адамдары деп танылған адамдарға;»;
«2) рақымшылық жасау бойынша жазадан босатылған және туыстары мен жақындары жоқ мүгедектігі бар адамдар мен қартайған адамдарды орналастыруға;».
1) 4-бабының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етуге тиіс.»;
2) 13-баптың 8-тармағының 2, 5 және 10-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) 1 және 2-топтағы мүгедектігі бар адамдар;»;
«5) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде орындау кезінде немесе майданда болуға байланысты ауруға шалдығу салдарынан, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезiнде жаралану, контузия алу, мертiгу салдарынан мүгедектігі бар адам болған әскери қызметшілер;»;
«10) ішкі істер органдарының күнтiзбелiк есеппен жиырма және одан да көп еңбек сiңiрген жылдары бар қызметкерлері және теріс себептер бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, қызметтен шығарылған және күнтiзбелiк есеппен жиырма және одан да көп еңбек сiңiрген жылдары бар қызметкерлер, сондай-ақ күнтiзбелiк есеппен он және одан да көп еңбек сiңiрген жылдары бар және мүгедектігі бар балаларды асырап-бағып отырған қызметкерлер құқылы. Ішкі істер органдарының берілген қызметтік тұрғын үйді жекешелендіруге құқығы бар зейнеткері қайтыс болған жағдайда, жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.»;
3) 40-баптың 3-тармағының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген өзгерістер мүгедектігі бар адамдардың тұрғынжайға кіруін қамтамасыз етуге байланысты болған жағдайда, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жазбаша келісімі талап етілмейді.»
4) 67-баптың 1-тармағы 2-тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшеріндегі коэффициент мүгедектігі бар балаларға қолданылмайды;»;
5) 68-баптың 2 және 3-тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдары;
3) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;»;
6) 76-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мүгедектігі бар адамдарға, қарттарға, жүрек-қан тамырлары және басқа да асқынған аурулармен ауыратын адамдарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай – олардың тілегі ескеріліп, төменгі қабаттардан немесе лифтілері бар тұрғын үйлерден, ал тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдарға екіншіден жоғары емес қабаттан беріледі.
Мүгедектігі бар адамдарға ғимараттың үлгiсi, жайлылық дәрежесі және тұруға қажеттi басқа да жағдайларды ескере отырып, тұрғын үй-жайды таңдау құқығы берiледi.»;
7) 101-10-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заңның мақсаттары үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің немесе әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне:
1) зайыбы немесе жұбайы;
2) ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің баласы (балалары);
3) ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедектігі бар адам болған он сегіз жастан асқан баласы (балалары) жатады.»;
8) мынадай мазмұндағы 117-баптың 3-тармағымен толықтырылсын:
«3. «Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам» санаты бойынша тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған бала кезінен мүгедектігі бар адам немесе оның заңды өкілі бұрынғы тәртіппен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу құқығын сақтайды.»;
9) 118-баптың 1-тармағының 4, 10 және 12-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) I және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға (өздерi жасаған қылмыс салдарынан мүгедектігі бар адам болған адамдарды қоспағанда);»;
«10) мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеушi адамдарға;»;
«12) III топтағы мүгедектігі бар адамдарға, жасына байланысты демалысқа шыққан зейнеткерлерге, жалғызбасты аналарға (некеге тұрмаған бала тәрбиелеушi әйелдерге), егiз бала тапқан отбасыларына, егер азаматтардың бұл санаты Қазақстан Республикасының заңдары белгiлеген тәртiппен анықталатын ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен табыс алатын болса;»;
«1) мүгедектігі бар адамдарды (өздері жасаған қылмыс салдарынан мүгедектігі бар адам болған адамдарды қоспағанда);».
1) 1-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы норма жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, жетіден он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға, бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға қолданылмайды.»;
2) 1-1-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) уәкілетті мемлекеттік орган – орталық атқарушы орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі;»;
3) 6-баптың 1-2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-2. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) стационар жағдайында тұратын және мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар толық көлемде төленеді.»;
4) 6-баптың 1-3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушы қайтыс болған жағдайда отбасы мүшелеріне не жерлеуді жүзеге асырған адамға 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.»;
5) 8-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Зейнетақы төлемдерiн алуға құқық беретiн жасқа жеткен мүгедектігі бар адамдарды қайта куәландыру олардың өтiнiшi бойынша ғана жүргiзiледi.»;
6) 10-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қайта куәландырылған мүгедектік мерзімі аяқталғанға дейін еңбекке қабілетті деп танылған жағдайда жәрдемақы ол еңбекке қабілетті деп танылған айды қоса алғанда төленеді.»;
7) 10-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер мүгедектігі бар адам қайта куәландыруға осы үшін тағайындалған мерзімде МӘС бөлімшесіне келмесе, онда оған жәрдемақы төлеу тоқтатыла тұрады, ал ол мүгедектігі бар адам деп қайта танылған жағдайда –тоқтатылған күннен бастап, бірақ оны МӘС бөлімшесі осы кезеңде мүгедектігі бар адам деп таныса, бір айдан аспайтын мерзімде қайта басталады.
Қайта куәландыру мерзімін дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда жәрдемақы төлеу төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта куәландыру күніне дейін, бірақ егер МӘС бөлімшесі осы кезеңде оны мүгедектігі бар адам деп таныса, үш жылдан аспайтын мерзімде жүргізіледі.
Бұл ретте егер қайта куәландыру кезінде мүгедектігі бар адам мүгедектіктің басқа (анағұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен) тобына ауыстырылса, онда көрсетілген уақыт үшін жәрдемақы бұрынғы тобы бойынша төленеді.»;
8) 11-баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Мүгедектiгi бойынша жәрдемақыға құқығы бар мүгедектігі бар адамдардың санаттары»;
9) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«Мүгедектiгi бойынша жәрдемақыға құқығы бар мүгедектігі бар адамдарға:
1) жалпы аурудан, еңбекте мертігуден, кәсіби аурудан мүгедектігі бар адамдар, жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;
1-1) бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, жетіден он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар – бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектер;
2) мүгедектiкке әскери қызметті өткеру кезiнде алған жарақаттың, контузияның, мертiгудiң, аурудың салдарынан душар болған мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер қатарындағы мүгедектігі бар адамдар, азаматтық немесе әскери мақсаттағы ядролық объектiлердегi авариялардың зардаптарын жою кезiнде не ядролық объектiлердегi авариялық жағдайлар салдарынан мүгедек болған адамдар;
3) мүгедектігі әскери қызмет міндеттерін, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметін (қызмет мiндеттерiн) атқаруға байланысты емес жазатайым оқиғаның салдарынан болған мертiгу не әскери және қызметтік борышын орындауға байланысты емес ауру салдарынан болған жағдайда әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, iшкi iстер органдары мен Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары арасынан шыққан мүгедектігі бар адамдар;
4) мүгедектігі әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметті өткеру кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертiгуі, ауыруы салдарынан болған әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері, қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде iшкi iстер органдары мен Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi қатарынан шыққан мүгедектігі бар адамдар;
5) Себеп-салдарлық байланысы анықтаған кезде төтенше экологиялық жағдайлар, оның iшiнде ядролық жарылыстар мен сынақтар өткізу кезiндегi радиациялық әсердің және/немесе солардың зардаптары салдарынан мүгедектігі бар адамдар.»;
10) 12-бап мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы Заңның 11-бабының 1), 1-1) және 3) тармақшаларында көрсетілген мүгедектігі бар адамдарға мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақылар мынадай:
1) 2014 жылғы 1 сәуірден бастап:
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі – ең төмен күнкөріс деңгейі) 1,42 мөлшерінде;
екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,11 ең төмен күнкөріс деңгейі; үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 0,78 ең төмен күнкөріс деңгейі;
он алты жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға – 1,05 ең төмен күнкөріс деңгейі;
бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,42 ең төмен күнкөріс деңгейі;
бала кезінен екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,16 ең төмен күнкөріс деңгейі;
бала кезінен үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 0,91 ең төмен күнкөріс деңгейі;
он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші топтағы мүгедектігі бар балаларға – 1,42 ең төмен күнкөріс деңгейі;
он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі екінші топтағы мүгедектігі бар балаларға – 1,16 ең төмен күнкөріс деңгейі;
он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға – 0,91 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
2) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап:
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,92 ең төмен күнкөріс деңгейі;
екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,53 ең төмен күнкөріс деңгейі;
үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,04 ең төмен күнкөріс деңгейі;
он алты жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға – 1,40 ең төмен күнкөріс деңгейі;
бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,92 ең төмен күнкөріс деңгейі;
бала кезінен екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,59 ең төмен күнкөріс деңгейі;
бала кезінен үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,20 ең төмен күнкөріс деңгейі;
жетіден он сегіз жасқа дейінгі бірінші топтағы мүгедектігі бар балаларға – 1,92 ең төмен күнкөріс деңгейі;
жетіден он сегіз жасқа дейінгі екінші топтағы мүгедектігі бар балаларға – 1,59 ең төмен күнкөріс деңгейі;
жетіден он сегіз жасқа дейінгі үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға – 1,20 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.
1) 2014 жылғы 1 сәуірден бастап:
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,69 ең төмен күнкөріс деңгейі;
екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,36 ең төмен күнкөріс деңгейі;
үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,05 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
2) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап:
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 2,81 ең төмен күнкөріс деңгейі;
екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 2,40 ең төмен күнкөріс деңгейі;
үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 2,01 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.
1) 2014 жылғы 1 сәуірден бастап:
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 2,19 ең төмен күнкөріс деңгейі;
екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,56 ең төмен күнкөріс деңгейі;
үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,05 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
2) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап:
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 3,44 ең төмен күнкөріс деңгейі;
екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 2,65 ең төмен күнкөріс деңгейі;
үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 2,01 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.»;
11) 13-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Еңбек етуге қабілетті отбасы мүшелері:
1) он сегiз жасқа толмаған және егер олар он сегiз жасқа толғанға дейiн мүгедектігі бар адам болып қалса, осы жастан асқан балалары (оның iшiнде асырап алған балалары, өгей ұлдары мен өгей қыздары), аға-інілері, апа-сіңлілері және немерелері, бұл ретте еңбек етуге қабілетті ата-анасы болмаған жағдайда аға-інілері, апа-сіңлілері және немерелері, ата-анасынан алименттер алмаған жағдайда өгей ұлдары мен өгей қыздары болып есептеледі;»;
12) 16-бапта:
1-тармақ алып тасталсын;
13) 2-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – отбасының еңбекке қабілетсіз әрбір мүшесіне 0,86 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.»;
14) 3-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап әрбір балаға – 1,18 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.»;
15) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қызметтік міндеттерін атқару немесе әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауыруы салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар, ішкі істер органдары және Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақының мөлшері отбасының еңбек етуге қабілетсіз әрбір мүшесіне 0,25 ең төмен күнкөріс деңгейіне ұлғайтылады.»;
16) мынадай мазмұндағы 21-1-баппен толықтырылсын:
«21-1-бап. Осы Заңның сақталуын мемлекеттік бақылау.
1) 10-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сот приставына қызмет мiндеттерiн атқару үстiнде алған жарақаты, жаралану (контузия), мертiгу, сырқат салдарынан болған мүгедектiктi белгiлеу кезiнде оған мынадай мөлшерде бiржолғы өтемақылар:
1) бiрiншi топтағы мүгедектігі бар адамға - бес жылдық жалақысы;
2) екiншi топтағы мүгедектігі бар адамға - үш жылдық жалақысы;
3) үшiншi топтағы мүгедектігі бар адамға - жылдық жалақысы төленедi.».
1) 16-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Сөйлеу не есту, не көру кемістігі бар мүгедектігі бар адам болып табылатын күдіктілер мен айыпталушылардың дактильді-ымдау тілін немесе Брайль әліпбиін меңгерген мамандар көрсететін қызметтерді пайдалануға құқығы бар.».
1) 4-бапта:
1-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1-3) мәртебесі «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 2) тармақшасында айқындалған, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдар;»;
3) и 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегі соғыс қимылдары кезiнде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертiгу, ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары; бейбiт уақытта әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет атқару кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары, қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң отбасылары; Чернобыль АЭС-тағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезiнде қаза тапқандардың отбасылары; сәуле аурулары салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы Чернобыль АЭС-тағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсерiне белгiленген тәртiппен байланысты болған азаматтардың отбасылары;
4) Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектігі бар адамдарына теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы);»;
7)-8-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«7) «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-тармағында көзделген жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бойынша төленетін айлық жәрдемақы мөлшеріне дейін қосымша төлем алушыларды қоспағанда, жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдері немесе еңбек сiңiрген жылдары үшiн төленетiн зейнетақы төлемдерi тағайындалған бірінші, екінші және үшінші топтардағы мүгедектер, сондай-ақ Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда Байқоңыр қаласында тұратын бірінші, екінші және үшінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;
8) Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда Байқоңыр қаласында тұратын он алты жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;
8-1) Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда Байқоңыр қаласында тұратын он алтыдан он сегіз жасқа дейiнгi бiрiншi, екiншi, үшiншi топтардағы мүгедектігі бар балалар;»;
2) 6-бапта:
4 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Егер мүгедектігі бар адам Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде қайта куәландыру үшін МӘС бөлімшесіне келмесе, онда оған жәрдемақы төлеу оны қайтадан мүгедектігі бар адам деп таныған кезге дейін тоқтатыла тұрады.
Қайта куәландыру мерзімін дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, жәрдемақы төлеу, егер МӘС бөлімшесі оны осы кезеңде мүгедектігі бар адам деп таныса, төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта куәландыру күніне дейін, бірақ алты айдан аспайтын уақыт үшін жүргізіледі. Бұл ретте, егер қайта куәландыру кезінде мүгедектігі бар адам мүгедектіктің басқа (неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен) тобына ауыстырылса, онда көрсетілген уақыт үшін жәрдемақы бұрынғы топ бойынша төленеді.»;
3) 7-бапта:
үшінші бөлікте:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектігі бар адамдарына теңестірілген адамдарға – 7,55 айлық есептік көрсеткіш;»;
6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттердегі соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертігу, ауыру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына; бейбіт уақытта әскери қызметті, арнаулы мемлекеттік органдарда қызметті өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына; қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасыларына; Чернобыль АЭС-тағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезінде қаза тапқандардың отбасыларына; сәуле ауруы салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы Чернобыль АЭС-тағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне белгіленген тәртіппен байланысты болған азаматтардың отбасыларына – 4,59 айлық есептік көрсеткіш;
7) Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедектігі бар адамының немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектігі бар адамдарына теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедектігі бар адам деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы) – 2,56 айлық есептік көрсеткіш;»;
13)-16) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«13) «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-тармағына көзделген жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бойынша төленетін айлық жәрдемақы мөлшеріне дейін қосымша төлем алушыларды қоспағанда, жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдері немесе еңбек сiңiрген жылдары үшiн төленетiн зейнетақы төлемдерi тағайындалған бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ Байқоңыр қаласында тұратын бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда – 1,49 айлық есептік көрсеткіш;
14) «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-тармағына көзделген жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бойынша төленетін айлық жәрдемақы мөлшеріне дейін қосымша төлем алушыларды қоспағанда, жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдері немесе еңбек сiңiрген жылдары үшiн төленетiн зейнетақы төлемдерi тағайындалған үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ Байқоңыр қаласында тұратын үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда – 0,64 айлық есептік көрсеткіш;
15) Байқоңыр қаласында тұратын он алты жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда – 0,96 айлық есептік көрсеткіш;
16) Байқоңыр қаласында тұратын он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда:
бірінші және екінші топтарға-1,49 айлық есептік көрсеткіш;
үшінші топқа -0,64 айлық есептік көрсеткіш;
1) 1-баптың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган – орталық атқарушы орган ведомствосының аумақтық бөлiмшесi;»;
2) 7-баптың екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелеріне не жерлеуді жүзеге асырған адамға 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.»;
3) 7-1-баппен толықтырылсын:
«7-1-бап. Осы Заңның сақталуын мемлекеттік бақылау.
2 Тексеру және профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.».
1) 1-баптың 2, 3,6, 7 және 8-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Белгіленген жазалау шарасына қарамастан мынадай сотталғандар:
1) бұрын тәрбиелеу колонияларында ұсталмаған кәмелетке толмағандар және қылмыс жасау кезiнде кәмелетке толмаған адамдар;
2) 16 жасқа толмаған балалары немесе І және ІІ топтағы мүгедектігі бар балалары бар әйелдер, сондай-ақ жүкті әйелдер;
3) 16 жасқа толмаған балалары немесе І және ІІ топтағы мүгедектігі бар балалары бар болып, олардың аналары, қамқоршылары (қорғаншылары) болмаған жағдайда, ер адамдар;
4) 50 жастан асқан әйелдер мен 55 жастан асқан ер адамдар;
5) еңбекке жарамды басқа балалары жоқ болған жағдайда 63 жастан асқан ата-аналары (олардың біреуі) бар әйелдер мен ер адамдар;
6) 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдар;
7) әскери және интернационалдық борышын атқару кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің жесірлері, күйеулері соғыс мүгедектігі бар және оларға теңестірілген адамдар болып табылатын әйелдер;
8) І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ онкологиялық ауруы бар науқастар (екінші, үшінші және төртінші клиникалық топтар);
9) туберкулездің белсенді нысанымен ауыратын науқастар (диспансерлік есептің бірінші тобының «А» және «Б» топшалары және бесінші тобының «А» топшасы);
10) тәртіптік әскери бөлімде ұстауға немесе қамауға алуға сотталған әскери қызметшілер бас бостандығынан айыру түріндегі жазадан және бас бостандығынан айырумен байланысты емес басқа да жазалардан босатылсын.»;
2) 17-бапта:
2 және 4-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Осы Заңның 1-бабының 2) тармақшасында аталған адамдарға аналық құқығынан айрылмаған және осы Заң күшiне енетiн күнге 16 жасқа толмаған, соның iшiнде асырап алған не қамқорлыққа алған балалары бар немесе жасына қарамастан І және II топтардағы мүгедектігі бар балалары бар әйелдер; осы Заң күшiне енетiн күнге жүктi болған әйелдер жатады;»;
«4) осы Заңның 1-бабының 6) тармақшасында аталған адамдарға: Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдары және оларға теңестірілген:»;
4-тармақшаның жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші және жиырма бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«Чернобыль атом электр станциясындағы апат пен Семей ядролық полигонындағы жарылыстардың салдарынан зардап шеккен және мүгедектігі бар адам болып қалған азаматтар;
Ұлы Отан соғысы кезеңiнде майданда әскери қимылдар ауданында, темiр жолдардың майдан маңындағы учаскелерiнде, қорғаныс шептерi, әскери-теңiз базалары мен аэродромдар құрылыстарында жарақаттану, жарымжан болу, зақымдану немесе сырқаттану салдарынан мүгедектігі бар адам болып қалған Ұлы Отан соғысының майдандағы армиясының әскери қызметшілері, партизандары мен астыртын қимыл жасаушылары, сондай-ақ тиiстi санаттардағы жұмысшылары мен қызметшiлерi және зейнетақымен қамсыздандыру жөнiнен әскери қызметшiлерге теңестiрiлгендер;
1945 жылы Жапониямен соғыс барысында жарақаттану, жарымжан болу, зақымдану немесе сырқаттану салдарынан мүгедектігі бар адам болып қалған бұрынғы КСР Одағы Қарулы Күштерiнiң әскери қызметшiлерi мен ерiктi жалданушылары;
бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, басқа кезеңдерде әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақаттану, жарымжан болу, зақымдану салдарынан немесе майданда болуына байланысты сырқаттану салдарынан, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызмет өтеген кезде мүгедектігі бар адам болып қалған әскери қызметшiлер;
қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде жарақаттану, жарымжан болу, зақымдану салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде қызмет мiндеттерiн атқаруына байланысты сырқаттану салдарынан мүгедектігі бар адам болып қалған бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының қатардағы және басшы құрамының адамдары;
басқа елдерде iс-қимылдар жасаған әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргiзу кезеңiнде жарақаттану, жарымжан болу, зақымдану не сырқаттану салдарынан мүгедектігі бар адам болып қалған жұмысшылар мен тиiстi санаттағы қызметшiлер қатарындағы адамдар жатады;»;
5-тармақшаның үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«соғыс мүгедектігі бар адамдар мен оларға теңестiрiлген адамдардың әйелдерi;
Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедектігі бар адамдар мен оларға теңестiрілген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандар мен астыртын қимыл жасаушылардың, Ленинград қаласында қоршау кезеңiнде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен, «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен марапатталған, жалпы ауруының, жұмыс кезiнде жарақаттануы және басқа да себептер нәтижесiнде мүгедек деп танылған азаматтардың (мүгедектiгi құқыққа қарсы әрекет салдарынан болғандардан басқа) басқа тiркелген некеге тұрмаған әйелдерi (күйеулерi) жатады;»;
6-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) осы Заңның 1-бабының 8) тармақшасында аталған адамдарға осы Заң күшiне енгенге дейiн белгiленген тәртiппен I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар деп танылғандар, сондай-ақ осы Заң күшiне енгенге дейiн берiлген тиiстi медициналық қорытындының негiзiнде есепте тұрған онкологиялық аурулары бар науқастар және осы Заңның орындалу мерзiмi iшiнде онкологиялық ауруы бар деп танылған адамдар жатады;»;
3) 37-баптың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) рақымшылық жасау бойынша жазадан босатылған және туған-туыстары мен жақын жуықтары жоқ мүгедектігі бар адамдар мен қарт адамдарды арнаулы интернат-үйлерге орналастыруға;».
1) 35-баптың 12-2, 12-4, 12-5 және 12-6 тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«12-2) мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсетуді ұйымдастырады;»;
«12-4) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектігі бар адамдар арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;
12-5) мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;
12-6) мүгедектігі бар адамдардың қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi;»;
1-баптың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) әлеуметтік туризм – жұмыс берушінің және (немесе) өзге де үшінші тұлғалардың қаражаты есебінен толық немесе ішінара жүзеге асырылатын, туристік көрсетілетін қызметтердің мүгедектігі бар адамдарға, халықтың күнкөрісі төмен топтарына қолжетімді болуын қамтамасыз ететін туризм түрі;»;
2) 9-баптың 2-тармағының 3-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) балалардың, жасөспiрiмдердiң, жастардың, мүгедектігі бар адамдар мен халықтың күнкөрiсi төмен топтарының арасында туристiк және экскурсиялық жұмысты ұйымдастыру үшін жеңілдікті жағдайлар енгiзу;».
1) 1-баптың 61-2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«61-2) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары – өз бетімен жүріп-тұру, көрсетілетін қызметтер, ақпарат алу немесе кеңістікте бағдарлану кезінде қиындық көріп жүрген, оның ішінде балаларға арналған арбаларды пайдаланатын адамдар, қарттар, мүгедектігі бар адамдар;»;
2) 6-баптың 4-тармағының 4-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мүгедектігі бар адамдардың тұруына, келіп-кетуіне және жұмыс істеуіне арналған үй-жайлар мен ғимараттар жатады.»;
3) 7-баптың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттiк қала құрылысы саясатының өндiргiш күштердi қоныстандыру мен орналастыру бөлiгiне, аумақтарды аймақтарға бөлуге қойылатын қала құрылысы талаптарына, экологиялық және санитариялық-гигиеналық қауiпсiздiк нормаларына және аталған жергiлiктi жердiң инфрақұрылыммен қамтамасыз етiлу деңгейiне сәйкес елдi мекеннiң (қоныстың) аумағы шегiнде осы мекенге қатысты мекендеу мен тiршiлiк етуге қолайлы, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға және халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарына қолжетімді ортаға;»;
«2. Елдi мекендер қоныстану үлгiсiне және сол жердiң жағдайына сәйкес халықтың барлық санаттары үшiн (мүгедектігі бар адамдар мен iс-қимылы шектеулi басқа да топтарды қоса алғанда) жұмыс орындарына, жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарға, әлеуметтiк, рекреациялық, инженерлiк және көлiк инфрақұрылымы объектiлерiне (ғимараттарына, коммуникацияларына) қол жеткiзуiн оңтайлы жағдайлармен және құралдармен қамтамасыз етiлуге тиiс.
5) 17-бапта:
1-тармақтың 9 және 12-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«9) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы, сондай-ақ объектiнi жобалау, салу және кейiннен пайдалану процесiнде еңбек қорғау, өрт және жарылыс қауiпсiздiгi, санитариялық және экологиялық қауiпсiздiк, мүгедектігі бар адамдар мен халықтың қауқары аз топтары үшiн әлеуметтiк, көлiктiк және рекреациялық инфрақұрылым объектiлерiне қол жеткiзудi қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк нормативтердi сақтамау;»;
«12) мекендеу және тiршiлiк ету ортасының жай-күйiнiң нашарлауына, азаматтар, соның iшiнде мүгедектігі бар адамдар мен тұтас алғанда қоғамның құқықтарына және заңды мүдделерiне нұқсан келтiруге, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғатын мемлекеттік мүдделерге зиян келтiруге себеп болатын өзге де әрекеттер.»;
«25) «жүйелі бейімдеу» ұғымын заңнамалық деңгейде бекіту»;
7) 25-баптың 1-тармағының 13-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етуді міндетті түрде ескере отырып, объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;»;
8) 30-баптың 3-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласында рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптар ескерілуге тиіс.»;
9) 31-баптың 2-тармағының 5-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мүгедектігі бар адамдар мен халықтың қауқары аз топтары үшiн әлеуметтiк, көлiктiк және рекреациялық инфрақұрылым объектiлерiне қол жеткiзудi қамтамасыз ету бөлiгiнде - халықты әлеуметтiк қорғау уәкiлеттi органын тарта отырып жүзеге асырылады.»;
«4. Тұрғын үй, қоғамдық (қоғамдық-iскерлiк) рекреациялық аймақтардың аумағы, инженерлiк және көлiк инфрақұрылымының аймақтары бөлінген шекараларда болуға және мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының қолжетімділігі ескеріле отырып, жайластырылуға тиіс.»;
«Тапсырыс берушілерді (инвесторларды, құрылыс салушыларды), техникалық және авторлық қадағалуды жүзеге асыратын тұлғаларды, iздену, жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстарына мердiгерлiктiң жауапты орындаушыларын, құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкцияларын және жабдықтарын дайындаушылар мен берушiлерді қоса алғанда, салынған объектiлердi пайдалануға тапсыруға және қабылдауға қатысушылар, сондай-ақ құрылыстың және жабдықтарды монтаждаудың барысын жедел қадағалау қызметтері және басқа да қатысушылар жiберiлген бұзушылықтар не мiндеттi нормативтiк талаптардан (шарттардан, шектеулерден) ауытқушылықтар салдарынан азаматтардың өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төнгені үшін, сондай-ақ мемлекеттiк, қоғамдық немесе жеке мүдделерге залал (зиян) келтiрiлгені үшiн, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтары үшін объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.».
1) 2-бапта:
4-тармақта 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе жалғыз еңбекке қабілетті мүшесі үш жасқа дейінгі балаға, мүгедектігі бар балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамға, бөгденің күтіміне және көмегіне мұқтаж қартқа күтімді жүзеге асыратын табысы аз отбасыларға көрсетіледі.»;
6-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) үш жасқа дейінгі баланы, мүгедектігі бар баланы, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарды, бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж, сексен жастан асқан қарттарды бағып-күтуді жүзеге асыратын адамдарға;»;
2) 4-бапта:
4-тармақта 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
21-бабында айқындалған мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту шараларын қамтитын әлеуметтік бейімдеу шаралары, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен көрсетілетін өзге де мемлекеттік шаралары айқындалады.».
1) 17-1 баптың 1, 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Теміржол вокзалында билет кассалары, күтуге арналған үй-жайлар, санитариялық-тұрмыстық, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға мен халықтың баяу қимылдайтын топтары үшін арнайы жабдықталған үй-жайлар, ана мен бала бөлмесі, ақпараттық қызмет көрсету объектілері (оның ішінде жолаушыларды бірыңғай анықтамалық-ақпараттық орталықпен байланыстыратын объектілер), медициналық пункт, қоғамдық тәртіпті сақтау пункті болуға тиіс.
Ақпаратты беру тілдерді, мәтіндерді, Брайль қарпін, тактильдік қатынасты, ірі қаріпті, қолжетімді мультимедиялық құралдарды пайдалана отырып, мүгедектігі бар адамдар үшін де қамтамасыз етіледі.
2) 17-2-баптың 1-тармағының 1 және 3-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) арнайы жол белгілері орнатыла отырып, мүгедектігі бар адамдардың автокөлік құралдарын қоюға арналған орындардың бөлінуі;»;
«3) көру және (немесе) есту қабілеттері бұзылған мүгедектігі бар адамдар үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қолжетімді ақпараттық сигналдық құрылғылармен және байланыс құралдарымен жабдықталуы;»;
3) 67-баптың 4-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) бiр толық жол жүру құжатына немесе баланың жол жүру құжатына салмағы отыз бес килограмнан аспайтын қол жүгiн өзiмен бiрге ақысыз алып жүруге құқығы бар.
Салмағы бұдан асатын қол жүгi багаж вагонына тапсырылуға тиiс.
Мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары арасынан шыққан жолаушылардың жеке пайдалануға арналған техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарды және арнайы қозғалыс құралдарын өздерімен тегін алып жүруге қосымша құқығы бар;».
1) 1-баптың 2, 4 және 5-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын::
«2) кәмелетке толмаған балалары немесе асырауында I және II топтағы мүгедектігі бар балалары бар әйелдер, сондай-ақ жүктi әйелдер;»;
«4) 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдар және оларға теңестiрiлген адамдар;
5) I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар жазадан босатылсын.»;
2) в статье 11:
2-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Осы Заңның 1-бабының 2) тармақшасында аталған адамдарға ата-ана құқығынан айырылмаған және осы Заң күшіне енетін күнге 18 жасқа толмаған балалары, соның ішінде асырап алған не қамқорлыққа алған балалары бар не жасына қарамастан I және II топтағы мүгедектігі бар балалары бар әйелдер, осы Заң күшiне енген күнiнде жүктiлiк жағдайында болған әйелдер жатады;»;
4-тармақшаның бірінші, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы Заңның 1-бабының 4) тармақшасында аталған адамдарға Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдар және соларға теңестiрiлген мына адамдар жатады:
Чернобыль атом электр станциясындағы апат пен Семей ядролық полигонындағы жарылыстардың салдарынан зардап шеккен және мүгедектігі бар адам болып қалған азаматтар;
Ұлы отан соғысы кезеңінде майданда, әскери қимылдар аймағында, темір жолдардың майдан маңындағы учаскелерінде, қорғаныс шептері, әскери-теңіз базалары мен аэродромдар құрылыстарында жарақаттану, контузия алу, зақымдану немесе сырқаттану салдарынан мүгедектігі бар адам болып қалған Ұлы Отан соғысының майдандағы армиясының әскери қызметшілері, партизандары мен астыртын қимыл жасаушылары, сондай-ақ тиісті санаттардағы жұмысшылары мен қызметшілері және зейнетақымен қамсыздандыру жөнінен әскери қызметшілерге теңестірілгендер;
бұрынғы КСР Одағы Қарулы Күштерінің 1945 жылы Жапониямен соғыс барысында жарақаттану, контузия алу, зақымдану немесе сырқаттану салдарынан мүгедектігі бар адам болып қалған әскери қызметшілері мен ерікті жалданушылары;
бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде, басқа кезеңдерде әскери қызметтің өзге де міндеттерін атқару кезінде, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде жарақаттану, контузия алу, зақымдану салдарынан немесе майданда болуына байланысты сырқаттану салдарынан мүгедектігі бар адам болып қалған әскери қызметшілер;
қызмет міндеттерін атқару кезінде жарақаттану, контузия алу, зақымдану салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызмет міндеттерін атқаруына байланысты сырқаттану салдарынан мүгедектігі бар адам болып қалған бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;
басқа елдерде іс-қимылдар жасаған әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргізу кезеңінде жарақаттану, контузия алу, зақымдану не сырқаттану салдарынан мүгедектігі бар адам болып қалған жұмысшылар мен тиісті санаттағы қызметшілер қатарындағы адамдар;»;
5-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) осы Заңның 1-бабының 5) тармақшасында аталған адамдарға, осы Заң күшіне енгенге дейін белгіленген тәртіппен І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар деп танылған адамдар жатады.»;
3) 27-баптың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) рақымшылық жасау бойынша жазадан босатылған және туған-туыстары мен жақын-жуықтары жоқ мүгедектігі бар адамдар мен қарт адамдарды арнаулы интернат-үйлерге орналастыру;».
1) 25-баптың 10-тармағының 1, 2, және 3-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) I топтағы мүгедектігі бар адамға - отыз айлық ақшалай қаражат;
2) II топтағы мүгедектігі бар адамға - он сегiз айлық ақшалай қаражат;
3) III топтағы мүгедектігі бар адамға - алты айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде бiржолғы өтем төленеді.»;
1) 7-бапты мынадай мазмұндағы 8-1-тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудың үлгі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»
2) 8-баптың 2-тармағының 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мүгедектігі бар адамдардың қатарындағы кемтар балаларға үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесi туралы ережені әзiрлейдi, үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшелерiн құрады;»;
3) 9-баптың 6-тармағының 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен әлеуметтiк көмек көрсету;»;
4) 11-баптың 3-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Арнаулы білім беру ұйымдары педагогтерді, оның ішінде ымдау тілін, Брайль әліпбиін, басқа да балама қаріптерді және қарым-қатынас әдістерін меңгерген мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа тартады.»;
5) 15-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бюджеттен қаржыландыру арқылы мемлекеттiк тегiн бiлiм алу, бiлiм беру гранттарын алу конкурсына қатысқан кезде көрсеткiштерi басқалармен бiрдей болған жағдайда, медициналық-әлеуметтiк сараптау бөлiмдерiнiң қорытындысына сәйкес тиiстi бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алуына болатын I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезiнен мүгедектігі бар адамдар басым құқыққа ие болады.»;
7) 16-баптың 4-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мүгедектігі бар адамдар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын жергілікті өкілді органдардың шешімімен айқындалатын тәртiппен және мөлшерлерде өндіріп алуға құқығы бар.».
1) 1-баптың 12-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) мүгедектігі бар бала – тіршілік етуінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемістіктерден организмінің функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығына зақым келген он сегіз жасқа дейінгі адам;»;
2) 30-баптың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Медициналық-әлеуметтік мекемеге (ұйымға) төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi күтіп-бағуға, медициналық, тұрмыстық қызмет көрсетуге және әлеуметтiк-еңбекке бейiмдеуге мұқтаж мүгедектігі бар балалар қабылданады.»;
3) 31-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«31-бап. Мүгедектігі бар баланың толымды өмiрге құқықтары
4) 32-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«32-бап. Мүгедектігі бар баланы жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк кепiлдiктер
5) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«33-бап. Мүгедектіг бар балаларға мемлекеттiк көмек
«1. Мемлекет мүгедектігі бар балаларды қолдауға бағытталған медициналық, құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық шаралар кешенiн жүзеге асырады.
1) 20-баптың 1-тармағының екенші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мүгедектігі бар балаға – 5 000;».
1) 20-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Көлiк құралдарының иелерi – Ұлы Отан соғысының қатысушылары және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар, зейнеткерлер стандартты шарт жасасқан кезде осы Заңның 19-бабына сәйкес есептелген, төленуге жататын сақтандыру сыйлықақысының елу пайызы мөлшерінде сақтандыру сыйлықақыларын төлейдi.»;
24-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«мүгедектігі бар балаға – 1 000;».
«23) Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидасын бекітеді;»;
«7) отыз және одан да көп такси болған кезде әрбір отыз таксиге шаққанда арнайы жүріп-тұру құралдарын пайдаланатын мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау үшін ыңғайластырылған кем дегенде бір таксиінің болуына;»;
2-тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Аталған басымдықтарды мүгедектігі бар адамдар, зейнеткерлер, жүктi әйелдер, мектеп жасына дейiнгi балалары бар жолаушылар пайдаланады;»;
2-тармақтың 2-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мүгедектігі бар жолаушыларды отырғызуға және түсiруге арналған қондырғылар жасалады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жалпы пайдаланудағы көлiк мүгедектігі бар жолаушылардың мiнiп-түсуiне арналған құрылғылармен жабдықталады.
Мемлекеттiк органдар жолаушыларды тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығына конкурстар өткiзген кезде, мүгедектігі бар адамдардың пайдалануына бейiмделген көлiк құралдары бар жеке және заңды тұлғалар артықшылыққа ие болады.»;
1-тармақтың 1, 3, 4, 5, 7 және 8- тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Автовокзалдар мен автостанцияларда автомобиль көлігі саласында көрсетілетін қызметтерге мүгедектігі бар адамдардың қол жеткізу үшін:
1) мүгедектігі бар адамдар автокөлік құралдарын қою үшін арнайы жол белгілері орнатылған орындардың бөлінуі;»;
«3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес есту және көру қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ақпараттық сигналдық құрылғылармен және байланыс құралдарымен жабдықтау;
4) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдарға және халықтың баяу қимылдайтын басқа да топтарына қызмет көрсету үшін мүгедектерге арналған кезекші кресло-арбаның болуы;
5) күту залдарында мүгедектігі бар адамдарға арналған кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдардың қажеттіліктерін ескере отырып жабдықталуға тиіс мүгедектерге арналған арнайы орындар бөлу;»;
«7) мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету үшін арнайы бейімделген билет кассаларымен жабдықтау;
8) мүгедектігі бар адамдардың кресло-арбаларымен жүріп-тұратын адамдарға арналған арнайы таксофондардың орнатылуы қамтамасыз етілуге тиіс.»;
«3. Әуежайларда, вокзалдарда, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, бос уақытты өткізу және демалыс объектілерінде, сондай-ақ алаңдарда, даңғылдарда, көшелерде, орамдарда мүгедектігі бар адамдардың арнайы автокөлік құралдарын қоюға арналған тегін тұрақ орындары бөлінеді, оларға өзге автокөлік құралдары қойылмауға тиіс.
Егер тұрақ орындарының саны:
1) қоса алғанда онға дейін болса – мүгедектігі бар адамның арнайы автокөлік құралын қою үшін бір орын;
2) оннан астам болса, мүгедектігі бар адамның арнайы автокөлік құралын қою үшін тұрақ орындарының жалпы санының кемінде он пайызы бөлінеді.
Бұл ретте егер есептеу қорытындылары бойынша тұрақ орындарының саны 0,5-тен бастап және жоғары бөлшек мәнді құраса, мұндай мән бүтін бірліктерге дейін дөңгелектеуге жатады.».
1) 46-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Порт айлақтарының иелерi кемелер үшiн қауiпсiз кiреберiстердi, кемелердiң мұндай айлақтардағы қауiпсiз тұрағын қамтамасыз етуге мiндеттi, олардың қоймалары, жүк массасын анықтауға арналған, жүк тиеу-жүк түсiру құралдары, жолаушыларды, оның iшiнде мүгедектігі бар адамдарды кемеге отырғызуға, түсiруге және олардың кеменiң келуiн күтуге арналған құрылғылары мен қондырғылары, ал қажет болған жағдайларда портқа вагондарды әкелуге арналған темiржолдың кiрме жолдары болуға тиiс.»;
2) 51-2-баптың 1, 3, 4, 5 және 8-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) арнайы жол белгілері орнатыла отырып, мүгедектігі бар адамдардың автокөлік құралдарын қоюға арналған орындардың бөлінуі;»;
«3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес көру және (немесе) есту қабілеттері бұзылған мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ақпараттық сигналдық құрылғылармен және байланыс құралдарымен жабдықталуы;
4) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдарға және халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарына қызмет көрсету үшін мүгедектерге арналған кезекші кресло-арбаның болуы;
5) күту залдарында халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының қажеттіліктері ескеріле отырып жабдықталуға тиісті, мүгедектігі бар адамдарға арналған арнайы орындардың бөлінуі;
6) қоғамдық дәретханалардың мүгедектігі бар адамдардың кресло-арбаларымен жүріп-тұратын адамдарға арналған кабиналармен жабдықталуы;
7) мүгедектігі бар адамдардың кресло-арбаларымен жүріп-тұратын адамдарға арналған арнайы таксофондардың орнатылуы;
8) мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсетуге арналған арнайы билет кассаларының жабдықталуы қамтамасыз етілуге тиіс.»;
«Мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары арасынан шыққан жолаушылардың жеке пайдалануға арналған техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарды және арнайы қозғалыс құралдарын өздерімен тегін алып жүруге қосымша құқығы бар;».
1) 18-баптың 2-тармағының 2-тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мүгедектігі бар балаға - 500;».
1) 18-баптың 6-тармағының 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) азаматтардың жекелеген санаттарын (кәмелетке толмағандарды, жүктi әйелдердi, бала емiзетiн аналарды, мүгедектігі бар адамдарды) қорғауды қамтамасыз ететiн;».
1) 24-баптың 2-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қызметкердi жазатайым оқиға немесе кәсiптiк ауру салдарынан еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн айқындауға куәландыру, сондай-ақ қосымша көмек пен күтiм түрлерiне мұқтаждықты айқындау Қазақстан Республикасының мүгедектңгң бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу арқылы жүзеге асырылады.».
1) Заңның атауы мынадай редакияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы»;
2) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заң Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етудiң, олардың тiршiлiк-тынысы мен қоғаммен етене араласуы үшiн тең мүмкiндiктер жасаудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шарттарын айқындайды.»;
3) 1-бапта:
1, 3, 5, 5-1, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 14, 14-1, 16, 18, 22, 24 тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) арнаулы жүрiп-тұру құралдары – мүгедектігі бар адамдардың белсендi және баяу жүрiп-тұруына арналған техникалық көмек түрi;»;
«3) кәсiптiк бағдарлау – мүгедектігі бар адамның еңбек қызметi түрлерiн таңдауына көмек көрсетуге бағытталған шаралар жүйесi;»;
«5) медициналық-әлеуметтiк сараптама - мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеумен және/немесе мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік, кәсіптік бөліктерін әзірлеумен организм функциясының тұрақты бұзылуынан туындаған шектеулі тіршілік-тынысын бағалау негiзiнде куәландырылатын адамның әлеуметтiк қорғау шараларына деген қажеттiлiктерiн белгiленген тәртiппен анықтау;»;
«5-1) медициналық-әлеуметтік мекеме (ұйым) – көмек пен күтімге, медициналық қызмет көрсетуге мұқтаж қарттардың, мүгедектігі бар адамдардың, оның ішінде психоневрологиялық науқастар қатарындағы мүгедектігі бар адамдардың, мүгедектігі бар балалардың стационар, жартылай стационар немесе күндіз болу жағдайында тұрақты немесе уақытша тұруына арналған ұйым;»;
«7) мүгедектігі бар адам – тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам;
8) мүгедектігі бар бала – тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған он сегiз жасқа дейінгі адам;
9) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк оңалту - мүгедектердiң тiршiлiк-тынысының шектелуiн жеңiп шығуы үшiн жағдай туғызуға, олардың әлеуметтiк мәртебесiн қалпына келтiруге, әлеуметтiк-тұрмыстық және ортаға бейiмделуiне бағытталған шаралар кешенi;
10) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау – мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк көмек көрсету, оңалту, сондай-ақ олардың қоғамға етене араласуы жөнiндегi шаралар кешенi;
11) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған арнаулы жұмыс орындары – мүгедектігі бар адамның жеке мүмкiндiктерi ескерiле отырып жабдықталған жұмыс орындары;
12) мүгедектігі бар адамдарды кәсiптiк оңалту – мүгедектігі бар адамдардың бұзылған не жоғалтқан кәсiптiк дағдыларын, бiлiмi мен машықтарын алуына немесе қалпына келтiруiне және оларды бейiмдеу мен жұмысқа орналастыруға бағытталған шаралар кешенi;»;
«14) мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтiк-тұрмыстық және ортаға бейiмделуi – мүгедектігі бар адамдардың өзiн-өзi қарап-күту, өз бетiмен өмiр сүру мүмкiндiгiне қол жеткiзу немесе олардың отбасылық және қоғамдық өмiрдiң үйреншiктi жағдайларына қайта оралу процесi;
14-1) мүгедектігі бар адамдардыі мамандандырылған ұйымдары – мүгедектігі бар адамдардыі қоғамдық бірлестіктері, сондай-ақ ондағы қатысу үлестерінің жүз пайызы мүгедектердің қоғамдық бірлестіктеріне тиесілі ұйымдар мына талаптарға сай келсе:
Мүгедектігі бар адамдардыі орташа жылдық саны қызметкерлердің жалпы санының кемінде 51 пайызын құраса;
бір жылда мүгедектігі бар адамдардың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар еңбекке ақы төлеу жөніндегі жалпы шығыстардың кемінде 35 пайызын құраса, осындай бірлестіктер мен ұйымдар;»;
«16) мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасы – мүгедектiгі бар адамдарды оңалтудан өткiзудiң нақты көлемiн, түрлерi мен мерзiмдерiн белгiлейтiн құжат;»;
«18) протездiк-ортопедиялық көмек – мүгедектігі бар адамдарды протездiк-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету жөнiндегi медициналық-техникалық көмектiң мамандандырылған түрi және оларды пайдалануды үйрету;»;
мынадай мазмұндағы 19-2-тармақшамен толықтырылсын:
«19-2) тифлосурдоаударма - дактиль әліпбиінің және (немесе) ымдау тілінің көмегімен бір уақытта есту және көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған дыбыстық ақпаратты беру тәсілі;»;
«22) тифлотехникалық құралдар – мүгедектігі бар адамдардың көру кемiстiгi салдарынан жоғалтқан мүмкiндiктерiн түзеуге және олардың орнын толтыруға бағытталған құралдар;»;
«24) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары – мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын, көлемін және шарттарын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер;»;
мынадай мазмұндағы 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32 және 33-тармақшалармен толықтырылсын:
«25) абилитация - мүгедектігі бар адамдардың тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби қызметке қабілеттілігін қалыптастыруға және дамытуға бағытталған шаралар кешені;
26) Әлеуметтік қызметтер порталы -халықтың жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қорғау шараларын алуға мүмкіндік беретін әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің бөлігі болып табылатын автоматтандырылған ақпараттық жүйе;
27) мүгедектіктің себебіне қарамастан, 1-топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды және оны ілесіп жүруді жүзеге асыратын адамдарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі - бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасау жөніндегі жәрдемақы);
28) жеке көмекші – жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға тұратын жерінен баратын пунктіне дейін және қайтарда ілесіп жүру бойынша әлеуметтік қызметтерді көрсететін маман;
29) ымдау тілі маманы – еститін және естімейтін адамдардың арасындағы делдалдық қызметті көрсететін маман;
30) оңалту - мүгедектігі бар адамдардың тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби қызметке қабілеттілігін толық немесе ішінара қалпына келтіруге бағытталған шаралар кешені;
31) жүйелі бейімдеу – мүгедектігі бар адамдардың адамның барлық құқықтары мен негізгі бостандықтарын басқалармен тең дәрежеде іске асыруын немесе жүзеге асыруын қамтамасыз ету мақсатында өлшеусіз немесе ақталмаған ауыртпалыққа айналмайтын қажетті және қолайлы модификациялар мен түзетулерді нақты жағдайда қажет болған жағдайда енгізу;
32) әмбебап дизайн-бейімделудің немесе арнайы дизайнның қажеттілігінсіз барлық адамдар үшін барынша мүмкін болатын дәрежеде пайдалануға арналған заттардың, ортаның, бағдарламалар мен қызметтердің дизайны;
33) мүгедектік белгісі бойынша кемсіту - мақсаты немесе нәтижесі Қазақстан Республикасында саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, азаматтық немесе кез келген өзге салада кепілдік берілген адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын басқа да тең дәрежеде тануды, іске асыруды немесе жүзеге асыруды кеміту немесе жоққа шығару болып табылатын мүгедектік себебі бойынша кез келген айырмашылық, алып тастау немесе шектеу.»;
4) 2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.»;
5) 3-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттiк органдар мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау саласындағы қатынастардың субъектiлерi болып табылады.»;
6) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаты:
1) мүгедектiктiң алдын алуға;
2) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғауға, соның iшiнде оңалтуға;
3) мүгедектігі бар адамдарды қоғаммен етене араласуына бағытталған;
4) мүгедектік белгісі бойынша кемсітушілікке жол бермеу.»;
7) 5-баптың бірінші абзацы және 3, 4 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаты:»;
«3) мүгедектігі бар адамдардың денсаулық сақтауға, бiлiм алуға және қызмет түрiн, соның iшiнде еңбек қызметi түрiн еркiн таңдауға басқа азаматтармен қатар қол жеткiзуi мен тең құқылы болуы;
«4) мемлекеттiк органдардың мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын қоғамдық бiрлестiктермен және өзге де ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауы;»;
«6) мүгедектігі бар адамдардың қадір-қасиеті мен ерекшеліктерін құрметтеу»;
7) 6-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақшамен толықытырлсын:
«1-1) Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспарды бекітеді;
4 және 5-тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мемлекеттiк тапсырыс немесе грант бойынша оқып жүрген мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стипендиялар тағайындау мен төлеудiң тәртiбiн бекiтедi;
5) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау саласында үйлестiру кеңесiн құрады;»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі операторды құрады және (немесе) айқындайды;»;
8) 7-бапта:
1-тармақтың 1, 2-1, 5, 7, 7-1, 9, 9-1-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау саласындағы, сондай-ақ медициналық-әлеуметтiк сараптама саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлейдi және бекiтедi;»;
«2-1) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және оңалту саласындағы әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;»;
«5) медициналық-әлеуметтiк сараптаманы және мүгедектігі бар адамдарды оңалтуды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жалпы принциптерiн белгiлейдi;»;
«7) мүгедектігі бар адамдарды есепке алу жүйесiнiң орталықтандырылған деректер банкiн қалыптастырады, мүгедектiк себептерiнiң, құрылымының және жай-күйiнiң мониторингiн жүргiзедi;
7-1) әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын бекітеді;»;
«9) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
9-1) жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мынадай әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді:
жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін – жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдарға ымдау тілі маманын қызметтерін көрсету;
мүгедектігі бар адамдарға санаторий-курорттық емдеу көрсету;
мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету;
арнайы жүріп-тұру құралдарымен;
кохлеарлық имплантациядан кейінгі мүгедектігі бар балаларды есту-сөйлеу бейімдеуін өткізу тәртібін әзірдейді және бекітеді.»;»
мынадай мазмұндағы 9-2-тармақшамен толықтырылсын:
«9-2) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасында көзделген мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын жұмыс берушінің орындамағаны үшін өтемақы мөлшерін айқындайды;»;
2-тармақтың 3, 5 және 7-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік және кәсіптік бөліктерін әзірлеу, өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауына байланысты мертіккен немесе өзге де денсаулық зақымын алған жұмыскердің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген көмек пен күтімнің қосымша түрлеріне мұқтаждығын айқындау;»;
«5) мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламаларының iске асырылуын бақылау;»;
«7) өз құзыретi шегiнде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау.»;
9) 8-баптың 3 және 4-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мүгедектігі бар адамды оңалтудың жеке бағдарламасының медициналық бөлігін әзірлейді және оны орындауды жүзеге асырады;
4) медициналық-әлеуметтiк сараптама саласындағы мамандарды, сондай-ақ халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің медициналық-әлеуметтік мекемелерінде (ұйымдарында) әлеуметтік-медициналық қызмет көрсету жөніндегі персоналды кәсiптiк даярлауды және қайта даярлауды қамтамасыз етедi;»;
10) 9-бапта:
1-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бар адамдардың бiлiм алуын қамтамасыз етедi;»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) оқытудың барлық деңгейлерінде инклюзивті білім беруді енгізуді қамтамасыз етеді;»;
2 және 3-тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
2) мемлекеттiк тапсырыс немесе грант бойынша оқып жүрген мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стипендиялар тағайындау мен төлеудiң тәртiбiн әзiрлейдi;
3) мүгедектігі бар адамдарды оқытуды жүзеге асыратын арнаулы бiлiм беру ұйымдарының бiлiм беру қызметiн регламенттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлейдi және бекiтедi;»;
мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2, 3-3-тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің медициналық-әлеуметтік мекемелерінде (ұйымдарында) арнаулы әлеуметтік қызметтер алатын психоневрологиялық аурулар салдарынан мүгедек балаларды оқыту бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді;
3-2) халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің медициналық-әлеуметтік мекемелері (ұйымдары) үшін әрбір пән бойынша бірыңғай базалық оқулықты айқындайды және бекітеді;
3-3) Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерінің әлеуметтік-педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық қызметтерін көрсету бойынша кадрларды қайта даярлауды және қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;»;
11) 10-баптың 2-тармағы:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі мүгедектік мәселелері жөніндегі өзінің кеңесшісін тағайындайды.»;
2, 2-1, 3, 4, 5, 7, 9, 10, 11-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мүгедектігі бар адамдарды оңалтуды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен кәсiпорындарды құрады;
2-1) мүгедектігі бар адамдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қолдау шараларын ұсынады;
3) мүгедектігі бар адамдарды оңалтуды жүзеге асыратын ұйымдарды құруға ықпал етедi;
4) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды кәсiптiк оқытуды (қайта оқытуды) ұйымдастырады;
5) мүгедектігі бар адамдарды оңалту жөнiндегi мамандарды, оның iшiнде ымдау тiлiнiң мамандарын, Брайльдiң бедерлi-нүктелiк қарпі бойынша оқитын және жазатын мамандарды даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;»;
«7) мүгедектігі бар адамдардың оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдардың және мүгедектігі бар балалардың санаторий-курорттық емделуiн қамтамасыз етедi;»;
«9) мүгедектігі бар адамды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен және (немесе) арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
10) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органмен және мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шараларды өткiзудi ұйымдастырады;
«11) мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп мәдени-көпшілік және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;»;
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша әкімдік жанынан консультативтік-кеңесші органдар құрады;»;
12-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) мүгедектігі бар адамдарға қайырымдылық және әлеуметтiк көмектiң көрсетiлуiн үйлестiредi;»;
12) 11-баптың 2-тармағы:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақшамен толықтырылсын:
«1-1). Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі мүгедектік мәселелері жөніндегі өзінің кеңесшісін тағайындауға құқылы.»;
3 және 3-1-тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтiк көмек көрсетудi ұйымдастырады және қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
3-1) мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қолдау шараларын ұсынады;»;
мынадай мазмұндағы 3-2-тармақшамен толықтырылсын:
«3-2) мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша әкімдік жанынан консультативтік-кеңесші органдар құрады;»;
13) 13-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Адамды мүгедек деп тану және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесiн белгiлеу кезінде әлеуметтік қорғаудың себептерi, мерзiмдерi, әлеуметтік қорғау шараларына қажеттiлiктерi айқындалады, сондай-ақ мүгедектiгі бар адамның оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік және кәсіптік бөліктері әзiрленедi.
14) 14-бапта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдар:»;
мынадай мазмұндағ 10-тармақшамен толықтырылсын:
«10) саяси және қоғамдық өмірге қатысу.»;
15) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау әлеуметтiк, қайырымдылық көмекті, медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк оңалтуды, бiлiм алуға қолжетімділікті және мүгедектігі бар адамдардың қоғам өмiрiне басқа азаматтармен бірдей қатысуына мүмкiндiктер жасауға бағытталған өзге де шараларды ұсыну арқылы қамтамасыз етiледi.»;
16) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«Мүгедектігі бар адамдарға көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мемлекеттiк жәрдемақылар, өтемақылар түрiндегi төлемдерді және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де, оның ішінде қайырымдылық есебінен берілетін төлемдердi де қамтиды.
Әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін жергілікті атқарушы органдар, жұмыс беруші және өзге де ұйымдар көрсетуге құқылы.»;
17) 16-1-баптың 1,2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрып жатқан, сот шешімімен әрекетке қабілетсіз және қорғаншылыққа мұқтаж деп танылған мүгедектігі бар адамдардың (бұдан әрі – қорғаншылықтағылар) зейнетақы төлемдері және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылары "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен есепке жазылады.».
18) 17-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мүгедектігі бар адамдарды оңалту және абилитациялау организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулықтың бұзылуынан тiршiлiк-тынысының шектелуiн жоюға немесе оның орнын мүмкiндiгiнше толықтай толтыруға бағытталған медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк iс-шаралар кешенiн қамтиды.
19) 19-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Оңалтудың жеке бағдарламасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бар адамға тегiн көрсетiлетiн оңалту iс-шараларын, сол сияқты ақысын төлеуге мүгедектігі бар адамның өзi немесе оның жұмыста мертiгуiне немесе кәсiптiк ауруға шалдығуына кiнәлi жұмыс берушi қатысатын оңалту iс-шараларын да қамтиды.»;
20) 20-бапта:
1, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Мүгедектігі бар адамдарды медициналық оңалту:»;
«3. Санаторий-курорттық емдеу мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен ұсынылады.
Мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі балаларды жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеумен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады немесе осы Заңның 32-1-бабына сәйкес оның құнын жергілікті атқарушы органдардың толық немесе ішінара өтеуі жолымен әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылады. Қамтамасыз ету тәсілін жергілікті атқарушы орган айқындайды.
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Банкроттық рәсімдерін жүргізу немесе кәсіпорын әрекетсіздігі жағдайында мүгедектігі бар адам санаторий-курорттық емдеумен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етіледі.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жұмыс берушi - жеке кәсiпкердiң қызметi тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда, жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамға санаторий-курорттық емдеу осы баптың 3-тармағына сәйкес жұмыс берушiнiң есебiнен берiледi.»;
21) 21-бапта:
21-баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«21-бап. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк оңалту»;
1-тармақтың 1, 2, 3, 4, 4-1 және 5-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк оңалту және абилитация:
1) мүгедектігі бар адамдарды жеке басы гигиенасының, өзiн-өзi қарап-күтудiң, жүріп-тұрудың, қарым-қатынастың негiзгі әлеуметтік дағдыларына үйретудi;
2) мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекшi (орнын толтырушы) және арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етудi;
3) басқа адамның күтiмi мен көмегiне мұқтаж мүгедектігі бар адамдарға, оның iшiнде мүгедектігі бар балаларға үйде арнаулы әлеуметтiк көрсетілетін қызметтер ұсынуды;
4) жүріп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке оңалту бағдарламасына сәйкес – күніне сегіз сағаттан айына жүз жетпіс сағаттан асырмай жеке көмекшінің әлеуметтік көрсетілетін қызметтерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ұсынуды немесе осы Заңның 32-1-бабына сәйкес олардың құнын жергілікті атқарушы органдардың толық немесе ішінара өтеуі жолымен әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы ұсынуды қамтиды. Қамтамасыз ету тәсілін жергілікті атқарушы орган айқындайды.
Жүріп-тұруы қиын, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар адам үшін, оған күтімді жүзеге асыратын адамға «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-2-бабында көзделген тәртіппен ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған және төленген кезде жеке көмекшінің әлеуметтік қызмет көрсетуі ұсынылмайды;
4-1) есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдар үшін жеке оңалту бағдарламасына сәйкес ымдау тiлi маманының әлеуметтік көрсетілетін қызметтерін жылына алпыс сағатқа Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ұсынуды немесе осы Заңның 32-1-бабына сәйкес олардың құнын жергілікті атқарушы органдардың толық немесе ішінара өтеуі жолымен әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы ұсынуды қамтиды. Қамтамасыз ету тәсілін жергілікті атқарушы орган айқындайды;
5) жергілікті атқарушы органдардың осы Заңның 32-1-бабына сәйкес олардың құнын толық немесе ішінара өтеуі арқылы әлеуметтік қызметтер көрсету порталы арқылы.медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтiк көрсетілетін қызметтер ұсыну жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 8-тармақшамен толықтырылсын:
«8) Мүгедектіктің себебіне қарамастан, 1 топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын және алып жүретіндерге ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк оңалтуды және абилитация: медициналық-әлеуметтiк мекемелер (ұйымдар), әлеуметтiк көмекті үйде көрсететiн бөлiмшелер, арнаулы бiлiм беру ұйымдары (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерi), денсаулық сақтау ұйымдары және басқа да мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады.»;
22) 22-бапта:
22-баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Статья 22. Предоставление лицам с инвалидностью технических вспомогательных (компенсаторных) средств и специальных средств передвижения»;
1-тармақтың бірінші абзацы, 2, 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тізбе бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес протездiк-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етiледi.»;
«2. Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдар жеке оңалту бағдарламасына сәйкес техникалық көмекшi (орнын толтырушы) және арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен қамтамасыз етiледi.
23) 23-баптың 1, 2 және 3-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өзiнiң негiзгi өмiрлiк қажеттiлiктерiн өз бетiнше қанағаттандыру мүмкiндiгiн, өзiне өзi қызмет көрсету және (немесе) жүрiп-тұру қабiлетiн iшiнара немесе толық жоғалтуына байланысты басқа адамның күтiмi мен көмегiне мұқтаж, бірінші және екінші топтардағы жалғызiлiктi мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынуды халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес әлеуметтiк көмекті үйде көрсететін бөлiмшелер және қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтiк қызмет көрсететін аумақтық орталықтар жүзеге асырады.
24) 24-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Денсаулық жағдайына байланысты басқа адамның тұрақты күтiміне және медициналық қызмет көрсетуге мұқтаж, бірінші және екінші топтардағы жалғызiлiктi мүгедектігі бар адамдарға, психоневрологиялық науқастар қатарындағы бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну мүгедектігі бар адамдардың жасына, денсаулық жағдайына сәйкес бейiнделген қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға арналған интернат-үйлерде жүзеге асырылады және тұрмыс-тіршілік жағдайларын жасауды, күтiммен қамтамасыз етудi, медициналық қызмет көрсетудi, оңалтуды, әлеуметтiк-еңбектiк бейiмдеудi, демалыс пен бос уақытты ұйымдастыруды қамтиды.»;
25) 25-бапта:
1-тармақтың 3 және 4-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтердi ескере отырып, автомобильдердi қоса алғанда, арнаулы жүрiп-тұру құралдарына apналған гараждар немесе тұрақтар салу үшiн мүгедектігі бар адамдарға кезектен тыс орын берудi;
4) мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсетуге бағдарланған мекемелер орналасқан жерлерде, сондай-ақ халық көп жүретiн жерлерде iлесе дыбыстайтын және жарық беретiн арнаулы бағдаршамдар, жол белгiлерiн және көрсеткiштер орнатуды, дыбыстайтын және жарық түсiретiн құрылғылармен жарақталған жаяу жүргiншiлер өтетiн жерлердi белгiлеудi қамтамасыз етуге тиiс.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақшамен толықтырылсын:
«1-1. Елді мекендерді жоспарлау және салу, тұрғын үй және рекреациялық аймақтарды қалыптастыру, ғимараттарды, құрылыстар мен олардың кешендерін жаңа салуға және қайта жаңартуға жобалық шешімдер әзірлеу, сондай-ақ аталған объектілерді мүгедектігі бар адамдардың кедергісіз қол жеткізуі және оларды мүгедектігі бар адамдардың пайдалануына бейімдеусіз жалпы пайдаланудағы Көлік құралдарын, байланыс құралдарын және ақпаратты әзірлеу және өндіруге жол берілмейді.»;
2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қабылдау жөнiндегi мемлекеттiк қабылдау комиссиясының құрамында мүгедектердiң қоғамдық бірлестіктерінің өкiлдерi болмаса, тұрғын үй-азаматтық және коммуналдық мақсаттағы объектiлердi пайдалануға тапсыруға жол берiлмейді.
Аталған объектiлердi мүгедектігі бар адамдардың кiрiп-шығуына бейiмдеу мүмкiн болмаған жағдайларда, тиiстi жеке және заңды тұлғалар мүгедектігі бар адамдардың қажеттiлiктерiн барынша ескеретiн қажеттi шараларды әзiрлеп, жүзеге асыруға тиiс.
Мемлекеттiк органдар жолаушыларды тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығына конкурстар өткiзген кезде, мүгедектігі бар адамдардың пайдалануына бейiмделген көлiк құралдары бар тұлғалар артықшылыққа ие болады.
мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
«5. Халыққа ұсынылатын қызметтер мен тауарлар мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді болуы тиіс. Тұтынушыға оның денсаулық жағдайына немесе тыныс-тіршілігінің шектелуіне байланысты себептер бойынша тауарларды беруден (жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден) не тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) қол жеткізуден бас тарту Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соғады.
Ғимарат мүгедектігі бар адамдарға қол жеткізу үшін ыңғайластыру мүмкін болмаған жағдайда, қызмет беруші мүгедектігі бар адамға тұрғылықты жері бойынша және/немесе қашықтықтан режимде қажетті қызметтерді көрсету үшін шаралар қолдана алады.
26) 26-бапта:
1-тармақтың 1 және 2-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тұрғын үйге мұқтаж мүгедектігі бар адамдарды есепке қояды және олардың пайдалануына тұрғынжай бередi;
2) мүгедектігі бар адамдарға немесе құрамында мүгедекігі бар адамдар бар отбасыларға берiлетiн тұрғын үй-жайларды арнайы құралдармен және жабдықпен жабдықтауды қамтамасыз етедi.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мүгедектігі бар адамдарға ғимараттың қабаты, тұрпаты, абаттандырылу дәрежесі және тұруға қажеттi басқа да жағдайлар ескеріле отырып, тұрғын үй-жайды таңдау құқығы берiледi.»;
27) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«Жергiлiктi атқарушы органдар мүгедектігі бар адамдарға мәдени-ойын-сауық iс-шараларына, сондай-ақ дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн спорт ғимараттарына бара алатын жағдайларды, арнаулы спорт жабдықтарын берудi қамтамасыз етедi.
Бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектігі бар адамдар мен он сегiз жасқа дейiнгi мүгедектігі бар балалар санамалап көрсетiлген қызметтердi - бюджет қаражаты есебiнен, ал үшiншi топтағы мүгедектер аталған қызметтер құнының елу процентін төлеп пайдаланады.»;
28) 28-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет:
1) мүгедектігі бар адамдар үшiн мерзiмдi баспасөз, ғылыми, оқу-әдiстемелiк, анықтамалық-ақпараттық және көркем әдебиет, соның iшiнде аудиотаспаларды, дискiлердi, бедерлi-нүктелi Брайль қарпiмен және сурдоаудармасы бар бейнетаспаларды шығару арқылы мүгедектігі бар адамдардың ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді;»;
мынадай мазмұндағы 3, 4 және 5-тармақшаларымен толықтырылсын:
«3) ақпаратты жеңіл оқылатын және түсінікті нысанда, Брайль тілінде орналастыру;
4) қолжетімді мемлекеттік ақпараттық жүйелерді әзірлеу және енгізу;
5) сурдоаударманы пайдалана отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ мемлекеттік қызметтерді ұсыну.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жеке қарым-қатынас құралы ретiнде ымдау тiлi пайдаланылады, ол сондай-ақ есту қабілеті бұзылған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарының оқу бағдарламасында да қолданылады.»;
29) 29-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мүгедектігі бар адамдарға тегiн бастауыш, негізгі орта, жалпы орта бiлiм алуға кепiлдiк берiледi.
30) 30-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Профессиональная реабилитация лиц с инвалидностью включает:»;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушілер мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік бағдарлауға қатысады.
31) 31-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Статья 31. Обеспечение занятости лиц с инвалидностью
31-бап. Мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету
Жергiлiктi атқарушы органдар мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуды:
1) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызына дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу;»;
мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтарымен толықтырылсын:
«1-1) жұмысқа орналастыру бойынша квота орындалмаған жағдайда ұйымдардың арнайы қорға өтемақы төлемдерін жүргізу құқығы көзделеді;
1-2) жұмыс берушілердің өтемақы төлемдерін жүзеге асыруы мүмкін болмаған кезде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соғады;»;
2, 3 және 4-тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жеке кәсiпкерлiктi, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы мүгедектігі бар адамдар үшiн қосымша жұмыс орындарын құру;
3) мүгедектігі бар адамдарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмысқа орналастыру үшiн арнаулы, сондай-ақ әлеуметтiк жұмыс орындарын құру;
4) мүгедектігі бар адамдарға кәсiптiк оқуды ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етедi.»;
32) 32-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«32-бап. Мүгедектігі бар адамдардың еңбек қатынастары саласындағы құқықтары
33) 32-1-бап мынадай редакцияда жазылсын
«1. Жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің порталы арқылы санаторийлік-курорттық емдеуді, протездік-ортопедиялық көмекті, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды, арнаулы жүріп-тұру құралдарын, сондай-ақ жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік көрсетілетін қызметтерін сатып алу кезінде мүгедектігі бар адамның олардың құнын, бірақ осы баптың 2-тармағында көзделген кепілдік берілген сома мөлшерінен асырмай жергілікті атқарушы органдарға өтетуге құқығы бар.
Мүгедектігі бар адамдар жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы санаторийлік-курорттық емдеуді, протездік-ортопедиялық көмекті, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды, арнаулы жүріп-тұру құралдарын, сондай-ақ жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік көрсетілетін қызметтерін кепілдік берілген сомадан асатын бағамен сатып алған кезде кепілдік берілген сома мен сатып алынған тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің іс жүзіндегі құны арасындағы айырманы мүгедек меншікті қаражаты есебінен дербес өзі төлейді.
санаторийлік-курорттық емдеуге, протездік-ортопедиялық көмекке, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарға, арнаулы жүріп-тұру құралдарына –халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен;
жеке көмекшінің әлеуметтік көрсетілетін қызметтеріне
ымдау тілі маманының әлеуметтік көрсетілетін қызметтеріне
халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жергілікті атқарушы органдардың олардың құнын толық немесе ішінара өтеу жолымен әлеуметтік қызметтер порталы арқылы медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтерге;»;
34) 32-2-бапта:
«Статья 32-2. Портал социальных услуг
Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында мынадай:
1) салықтық берешегі және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ;
2) банкроттық не тарату рәсіміне жатпайтын;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілмеген;
4) міндетті сертификаттауға жататын тауарларды беру кезінде сәйкестік сертификаты бар;
5) мемлекеттік тіркеуге және қайта тіркеуге жататын медициналық бұйымдарға жататын техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнайы қозғалыс құралдарын жеткізу кезіндегі куәлік;
6) тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді өткізу үшін баға ұсынған өнім берушілер тіркеле алады.
Өнім беруші:
1) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығару туралы өтініш берген;
2) қызметті тоқтатқан немесе қайтыс болған;
3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу;
Өнім беруші осы тармақшада көзделген негіз бойынша әлеуметтік қызметтер порталында тіркеуден шығарылған жағдайда, кейіннен әлеуметтік қызметтер порталында тіркелу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен ол туралы мәліметтер алып тасталғаннан кейін мүмкін болады.
Порталда тіркеуден шығару процедураларын жүргізу кезеңінде және порталда тіркеуден шығарылғаннан кейін бір ай ішінде өнім беруші өз міндеттемелерін орындауға құқылы.
Міндеттемелерді орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда өнім беруші ақпарттандыру қажет.
Қызмет көрсетуден және/немесе техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды жеткізуден бас тартуды белгілеу.
4) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өзіне алған міндеттемелерді орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған жағдайларда, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығарылады.
Осы тармақтың үшінші бөлігінің 4) тармақшасында көрсетілген жағдайда, мүгедектігі бар адам өзіне өнім берушінің өзіне алған міндеттемелерді орындамған және (немесе) тиісінше орындамағаны туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік он төрт күннен кешіктірмей әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына тиісті ақпаратты орналастырады.
Осы ақпаратты жергілікті атқарушы орган құратын комиссия орналастырылған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды, ол өнім беруші тарапынан бұзушылықтардың болғанын немесе болмағанын айқындайды.
Өнім беруші осы тармақтың үшінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген негіз бойынша әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығарылған жағдайда, оның әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында келесі тіркелуі Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінен ол туралы мәліметтер алып тасталғаннан кейін мүмкін болады.
Өнім беруші осы тармақтың үшінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығарылған жағдайда, оның әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында келесі тіркелуі тіркеуден шығарылған күннен бастап бір жылдан кейін ғана мүмкін болады.
Өнім берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу, сондай-ақ әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығару халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
35) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«33-бап. Жұмыс берушiнiң әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне бара алуды қамтамасыз ету жөнiндегi мiндетi
Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдардың өндiрiстiк үйлерге, ғимараттарға, үй-жайларға бара алуы үшiн жұмыс берушi жұмыс орындары мен жұмыс үй-жайларын жобалау және бейiмдеу арқылы жағдай жасайды, мүгедектігі бар адамды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес тұрғын үй-жайларды арнаулы құралдармен және көмекшi құрылғылармен жабдықтайды.»;
36) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«34-бап. Жұмыс берушiнiң мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту және кәсiптiк оңалту саласындағы мiндетi
Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған және (немесе) кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс берушi кәсiптiк оқытуды немесе қайта оқытуды, арнаулы жұмыс орындарын құруды осы Заңға сәйкес жеке қаражаты есебiнен қамтамасыз етедi.»;
37) 35-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«35-бап. Жұмыс берушiнiң мүгедектігі бар адамға келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi мiндетi
Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдарға келтiрiлген зиянды өтеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
38) мынадай мазмұндағы 35-1-баппен толықтырылсын:
«35-1-бап. Жұмыс берушінің мүгедектігі бар адамдарға жұмыс орындарына квотаны орындау бойынша міндеттемелері
Жұмыс беруші мүгедектігі бар адамдардың жұмыс орындарына квотаны орындауды Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес қамтамасыз етеді немесе халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген мөлшерде квотаны орындамағаны үшін мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арнайы қорына өтемақы төлейді.
Қор қызметінің негізгі мақсаты мүгедектігі бар адамдарды сапалы жұмыспен қамтамасыз ету үшін жағдай жасау және жәрдемдесу болып табылады.
Қордың негізгі міндеттері:
1) мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын орындамағаны үшін жұмыс берушілер төлеген өтемақыны шоғырландыру;
2) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау;
3) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін қажетті дағдыларға оқытуды ұйымдастыру;
4) әлеуетті жұмыс берушілерде мүгедектігі бар адамдардың ақы төленетін тағылымдамаларын ұйымдастыру;
5) мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту мәселелері бойынша ақпараттық-талдамалық қолдау;
6) мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын жұмыс берушілердің орындауына мониторингті жүзеге асыру;
7) Қордың жарғысына сәйкес басқа да міндеттер.
39) 5-баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-тарау. Мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бiрлестiктерi»;
40) 36-бапта:
36-баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«36-бап. Мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бiрлестiктерiнiң құқықтары және олардың өкiлеттiктерi»
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бiрлестiктерi үйлестiру кеңесiнiң жұмысына және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғауға байланысты мәселелердi шешуге қатысады.
3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бiрлестiктерiне, сондай-ақ олардың ұйымдарына олардың меншiгiндегi үйлер (құрылыстар, ғимараттар) салынған жер учаскелерiне меншiк құқығын мемлекеттiк меншiктен жеке меншiкке беру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда өтеусіз негізде жүзеге асырылады.»
4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бiрлестiктерi:»
4-тармақтың 1 және 3-тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныстар енгізу;»;
«3) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау мәселелерi жөнiнде әзiрленiп жатқан Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне ұсыныстар енгiзу;»;
41) мынадай мазмұндағы 36-1-баппен толықтырылсын:
«36-1-бап. Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мәселелері жөніндегі кеңесшілер
42) 37-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«37-бап. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады»;
43) 38-бап алынып тасталсын;
44) 39-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«39-бап. Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасын бұзуға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.»;
45) 40-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтiк қорғалуы туралы» 1991 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1991 ж., № 26, 345-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 9-10, 158-құжат; № 15, 208-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; № 17-18, 219-құжат; 1998 ж., № 24, 432-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; 2001 ж., № 1, 4-құжат; № 13-14, 173-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат);
2) Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң «Қазақ ССР-iнде мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтiк қорғалуы туралы» Қазақ ССР Заңын күшiне енгiзу туралы» 1991 жылғы 21 маусымдағы Қаулысы (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1991 ж., № 26, 346-құжат).».
1) 7-баптың 1) тармақшасында алтыншы және жетінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы);
бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның күтіміне байланысты тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның күтіміне байланысты жәрдемақы) түріндегі ақшалай төлемдер;»;
2) 4-баптың 1-тармағында 3) тармақша алып тасталсын;
4-баптың 1-тармағында 4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы;
5) бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның күтіміне байланысты жәрдемақы алуға құқығы бар.»;
4-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған адамдардың көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақыны алуға құқығы бар.»;
4-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген жәрдемақыны алуға бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтімді жүзеге асыратын өзге жеке тұлғалардың да құқығы бар.»;
3) 5-баптың 2-тармағында екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 1), 2), 2-1) және 4) тармақшаларында көзделген жәрдемақыларға құқығы бар отбасының, сондай-ақ 1-1- тармағында көрсетілген адамның;
осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген жәрдемақыға құқығы бар адам күтімін жүзеге асыратын бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның тұрғылықты жеріндегі Мемлекеттік корпорацияға беріледі.
Адамдар жәрдемақыларды тағайындау үшін «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтініш жасауға құқылы.
Балаға мүгедектік бастапқыда белгіленген немесе бала кезінен бірінші топтағы мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде өтініш беруші мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы және бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау үшін тұрғылықты жеріндегі медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесіне өтініш жасауға құқылы.»;
5-баптың 2-тармағында жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жәрдемақы тағайындау туралы өтінішті беру «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бала туғанда берілетін жәрдемақыны, бала күтіміне байланысты жәрдемақыны, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны, көпбалалы анаға берілетін жәрдемақыны проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындаған кезде талап етілмейді.»;
5-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар ақпараттық жүйелерде өтініш беруші туралы немесе бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтімді жүзеге асыратын адам туралы сұратылып отырған мәліметтердің жоқ екендігін растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде сұрау салуды жүзеге асырған Мемлекеттік корпорация ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде ақпараттық жүйелердегі өтініш беруші туралы немесе бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтімді жүзеге асыратын адам туралы мәліметтерді сәйкес келтіру үшін құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажеттігі туралы өтініш берушіні хабардар етеді.
Ақпараттық жүйелер өтініш беруші туралы немесе бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтімді жүзеге асыратын адам туралы бұрын болмаған мәліметтердің бар екендігін белгіленген тәртіппен растаған кезде өтініш берушінің тиісті жәрдемақы тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасаған күні бала туғанда берілетін жәрдемақы, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы, көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы, көпбалалы анаға берілетін жәрдемақы, сондай-ақ бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындалған күн деп есептеледі.»;
4) 6-бапта 2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уәкілетті орган өтінішті қажетті құжаттарымен, оның ішінде электрондық құжаттарымен қоса – ол Мемлекеттік корпорацияда тіркелген немесе «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Рсепубликасының Заңына сәйкес проактивті қызмет арқылы бала туғанда берілетін жәрдемақы, бала күтіміне байланысты жәрдемақы, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы, көпбалалы анаға берілетін жәрдемақы тағайындауға келісім алған күннен бастап, ал осы Заңның 5-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайда мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері өтініш беруші туралы немесе бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтімді жүзеге асыратын адам туралы мәліметтерді растаған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қарайды.»;
6-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі балаларға және бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жәрдемақылар тағайындалмайды.»;
5) 8-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақыны төлеу барлық растаушы құжаттар болған кезде өтініш жасалған күннен бастап ағымдағы айға және осы жәрдемақы тағайындалған шарттар сақталған кезеңге жүргізіледі. Осы Заңның 11-1-бабына сәйкес жәрдемақы алушы өзгерген жағдайларды қоспағанда, алушы қайтыс болған жағдайда көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы қайтыс болған айды қоса алғанда, ал жәрдемақы алушы Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен жағдайда – шығу айын қоса алғанда төленеді.»;
8-1-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақыны тағайындау кезінде білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалар бірге тұру фактісіне қарамастан отбасының құрамында есепке алынады.»;
6) 9-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-1-бап. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындау және төлеу
7) 9-2-баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«9-2-бап. Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның күтіміне байланысты жәрдемақыны тағайындау және төлеу»;
9-2-баптың 1, 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар адам немесе оның заңды өкілі өтініш жасаған күннен бастап бала кезінен бірінші топтағы мүгедектік белгіленген бүкіл кезеңге уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен тағайындалады және төленеді.
Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтімді бірнеше адам жүзеге асырған жағдайда, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның күтіміне байланысты жәрдемақы осы адамдардың біреуіне тағайындалады және төленеді.
1) күтімді жүзеге асыратын адам мен бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның бір елді мекенде бірге тұруын;
2) қанағаттандыру қажеттігі тәулігіне бір және бір реттен көп туындайтын бір немесе бірнеше реттелмейтін зәру қажеттілікті орындау үшін (жеке гигиенаны сақтауда, киіну, тамақ ішу, физиологиялық қажеттерін орындау, тұратын жерінен межелі пунктке дейін және қайтар жолда алып жүру және басқалар кезінде) күтімді жүзеге асыратын адамның бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға көмегін көздейді.»;
9-2-бап 4-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бала кезінен бірінші топтағы мүгедекті бар адамның күтіміне байланысты жәрдемақы:»;
8) 10-бап 1-тармағының 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы – 1,4 ең төмен күнкөріс деңгейі;
5) бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның күтіміне байланысты жәрдемақы – 1,4 ең төмен күнкөріс деңгейі.»;
10-бап 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Өтініш беруші бала күтіміне байланысты жәрдемақының, көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақының, көпбалалы анаға берілетін жәрдемақының, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақының, сондай-ақ бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның күтіміне байланысты жәрдемақының мөлшерлеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақтылы хабар бермеген жағдайда, жәрдемақылардың мөлшері көрсетілген мән-жайлар басталған кезден бастап, бірақ олар тағайындалған кезден бұрын қайта қаралмайды.»;
9) 11-бап 1-тармағындағы үшінші бөліктегі 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі тің немесе оның заңды өкілінің немесе бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адамның өтініші;»;
11-бап 1-тармағындағы үшінші бөліктегі 3)-5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның немесе оған күтімді жүзеге асыратын адамның қайтыс болуы;
4) бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның немесе оған күтімді жүзеге асыратын адамның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты жерге кетуі;
5) бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның мүгедектік тобының өзгеруі;»;
11-бап 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2), 2-1) және 4) тармақшаларында, 1-1- тармағында көзделген жәрдемақыларды төлеу мынадай мән-жайлар басталған кезде тоқтатыла тұрады:»;
11-бап 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жәрдемақы алушының және /немесе асырауындағының (асырауындағылардың) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты жерге кетуі;»;
11-бап 3-тармағы мынадай мазмұндағы 4)-7) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) жәрдемақы алушылар қатарынан хабар-ошарсыз жоғалғаны, іздеуде екенгі туралы факті, оның ішінде ақпараттық жүйелерден анықтау туралы;
5) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның, оралманның жеке басын куәландыратын, оның ішінде ақпараттық жүйелерден құжаттың қолданылу мерзімі аяқталғандығы туралы;
6) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларынан айыру туралы;
7) шетелдіктің тұруға ықтиярхатын алғанға дейін, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу немесе айырылу фактісін, оның ішінде ақпараттық жүйелерден анықтау туралы.»;
11-бап 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген жәрдемақыны төлеу, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету ақылы негізде ұсынылатын адамдарды қоспағанда, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемеде (ұйымда) тұрған кезеңіне тоқтатыла тұрады.»;
10) 11-1-бап 1-тармағының екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар адам немесе оның заңды өкілі оған күтімді жүзеге асыратын адамды ауыстыру туралы өтінішпен күнтізбелік жыл ішінде екі реттен асырмай жүгінуге құқылы.
Заңды өкіл немесе бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның күтімін жүзеге асыратын адам ауысқан жағдайда, осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген жәрдемақыны төлеу заңды өкілге немесе бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның күтімін жүзеге асыратын адамға жүргізіледі.».
1) 1-баптың 2 және 3-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) 2) кәмелетке толмаған балалары немесе асырауында I және II топтардағы мүгедектігі бар балалары бар әйелдер, сондай-ақ жүктi әйелдер;
3) I және II топтардағы мүгедектігі бар адамдар;»;
2) 9-баптың 2 және 3-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы Заңның 1-бабының 2) тармақшасында аталған адамдарға ата-ана құқығынан айырылмаған және осы Заң қолданысқа енгiзілетiн күнге он сегiз жасқа толмаған балалары, соның iшiнде асырап алған не қорғаншылыққа алған балалары бар не жасына қарамастан I және II топтардағы мүгедектігі бар балалары бар әйелдер, осы Заң қолданысқа енгiзiлетiн күнге жүктiлiк жағдайында болған әйелдер жатады;
3) осы Заңның 1-бабының 3) тармақшасында аталған адамдарға осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн заңнамада белгiленген тәртiппен I және II топтардағы мүгедектігі бар адамдар деп танылған адамдар жатады;»;
3) 21-баптың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) рақымшылық жасау бойынша жазадан босатылған және туған-туыстары мен жақын-жуықтары жоқ мүгедектігі бар адамдар мен қарт адамдарды арнаулы интернат-үйлерге орналастыру;».
1) 7-баптың 35-8-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«35-8) мүгедектігі бар адамдар үшін мүгедектік тобына қарамастан тифлокомментариі және субтитрлері бар фильмдерді демонстрациялауда жағдай жасауды қамтамасыз етеді.»;
2) 9-1-баптың 5-тармағының 3-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) іс-шара өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей – көрермендердің болжалды саны туралы, күнтізбелік бір күн бұрын – сатылған билеттердің, берілген рұқсаттамалардың, оның ішінде көлік құралдарына рұқсаттамалардың, сондай-ақ ішкі істер және денсаулық сақтау органдарының арнаулы техникасына, мүгедектігі бар адамдардың көлік құралдарына арналған тұрақ орындарының саны туралы жергілікті атқарушы органдарға ақпарат беруге;»;
3) 12-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік мәдениет ұйымдары көрсететін қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз етудің ең төмен әлеуметтік стандарты және мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени ойын-сауық іс-шараларына мүгедектігі бар адамдардың қол жеткізуін қамтамасыз етудің ең төмен әлеуметтік стандарты «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәдениет саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар болып табылады.».
1) 8-баптың 4-тармағының 2-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектігі бар және бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар;»;
26-баптың 5-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастардың қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлердің, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілімдері жоқ бала кезінен мүгедектердің, мүгедек балалардың және үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар адамдардың артықшылықты құқығы бар.»;
8-тармақтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) I, II топтағы мүгедектігі бар балалар, бала кезінен мүгедектер, мүгедекігі бар балалар арасынан шыққан азаматтар үшін;»;
«4. Оқу-тәрбие процесі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтердің адамгершілік қадір-қасиетін өзара құрметтеу және мүгедектігі бар адамдардың құқықтарына білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде құрметпен қарау негізінде жүзеге асырылады.»;
3-тармақтың 7-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) білім беру ұйымдарында, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар, мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін қолжетімді нысанда ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен, оның ішінде мүгедектер, мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін дайындалған оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуге;»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Көзі көрмейтін мүгедектігі бар адамдардың және құлағы естімейтін мүгедектігі бар адамдардың, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және қорғаншылыққа (қамқорлыққа) алынған балалардың, сондай-ақ кезекті аралық аттестаттаудың нәтижелері бойынша «үздік» деген бағаға ғана оқитын студенттер мен магистранттардың мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жоғары мемлекеттік стипендия алуға құқығы бар.»;
17-1-тармақтың 2-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедектігі бар адам болып табылатын адамдар, сондай-ақ бос орынды ұсынған елді мекенде тұрақты тұратын, қорғаншылар және қамқоршылар болып табылатын адамдар.»;
17-2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар;».
1) 61-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мүгедектігі бар адамдардың жүріп-тұруына арналған арнайы көлік құралдары, мүгедектігі бар адамдардың техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдары мен арнайы жүріп-тұру құралдары.»;
98-баптың 3 және 5-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мүгедектігі бар балаларға берiлетiн жәрдемақы түрiнде борышкер алатын сомалардан;»;
«5) бала тууға байланысты берілетін жәрдемақылардан, кәмелетке толмаған балаларды асырауға берілетін жәрдемақылардан, сондай-ақ зейнеткерлер мен I топтағы мүгедектігі бар адамдарға төленетін жәрдемақылардан;».
1) 65-1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ішкі рейстерге қызмет көрсетуге арналған аэровокзалда авиакассалар, тіркеу үлдіріктері, тіркеу, күту, ұшу және ұшып келу залдары, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар мен халықтың баяу қимылдайтын топтары үшін арнайы жабдықталған үй-жайлар, ана мен бала бөлмесі, ақпараттық қызмет көрсету объектілері, медициналық пункт, қоғамдық тәртіпті сақтау пункті, жоғалған заттарды табу бюросы болуға тиіс.»;
3-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ақпаратты ұсыну тілдерді, мәтіндерді, Брайль қарпін, тактильдік қатынасты, ірі қаріпті, қолжетімді мультимедиялық құралдарды пайдалана отырып, мүгедектігі бар адамдар үшін де қамтамасыз етіледі.»
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Өтетін және шығатын жолдар мүгедектігі бар адамдар мен халықтың баяу қимылдайтын топтары үшін қолжетімді болуға (пандустармен, арнайы бейімделген лифтілермен жабдықталуға) тиіс.».
2) 65-2-баптың 1-тармағының 1 және 3-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) арнайы жол белгілері орнатыла отырып, мүгедектігі бар адамдар автокөлік құралдарын қоюға арналған орындардың бөлінуі;»;
«3) тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға және халықтың басқа да мүмкіндігі шектеулі топтарына қызмет көрсетуге арналған кезекші мүгедектігі бар адамдарға арналған кресло-арбаның болуы;»;
3) 77-баптың 1-тармағының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары арасынан шыққан жолаушылардың жеке пайдалануға арналған зембілдерді және мүгедектердің кресло-арбасын өздерімен жүк ретінде тегін алып жүруге қосымша құқығы бар.».
1) 31-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мүгедектігі бар балалары, оның ішінде асырап алған балалары (қорғаншы болып табылатын) немесе асырауында қарт ата-анасы не олармен тұрақты бірге тұратын және 1 және 2-топтағы мүгедектігі бар отбасы мүшелері бар лауазымды адамдар басқа жерге көшумен байланысты ротацияға жатпайды. Көрсетілген мән-жайлар құжат түрінде расталуға тиіс.»;
2) 66-бабының 4-тармағының 1, 2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) I топтағы мүгедектігі бар адамға – отыз айлық ақшалай қаражат;
2) II топтағы мүгедектігі бар адамға – он сегiз айлық ақшалай қаражат;
3) III топтағы мүгедектігі бар адамға – алты айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi.»;
3) 69-бабының 5-тармағының екінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақта көзделген біржолғы жәрдемақы мөлшерін айқындау кезінде жәрдемақыға құқығы бар отбасы мүшелерінің қатарына: жасына және еңбекке қабілеттігіне қарамастан әйелі (күйеуі); он сегіз жасқа толмаған немесе егер олар он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедектігі бар адам болған немесе асыраушысы қайтыс болған күні күндізгі оқу орындарының оқушысы болып табылса және жиырма үш жасқа толмаса, бұл жастан асқан; қайтыс болған адамның асырауында болған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған не мүгедектігі бар адам болып табылатын ата-аналары енгізіледі.»;
4) 84-бап мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«2012 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінсіз босатылған прокуратура органдары қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру зейнетақы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Зейнетақы төлемдерінің мөлшері босатылған күнге белгіленеді және жүгінген күнінен бастап индекстеу ескеріле отырып жүзеге асырылады.»;
1) 7-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнайы мекемелерде ұсталатын, жазаны орындайтын мекемелерде отырған, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған интернат-үйлерде әлеуметтiк қызмет көрсетуден өтетін, стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының емделушілері болып табылатын адамдарға олардың немесе олардың туысқандарының тілегі бойынша салт жораларының қажеттілігі жағдайында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген діни бірлестіктердің діни қызметшілері шақырылады. Бұл ретте діни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды өткізу аталған ұйымдардың қызметіне кедергі келтірмеуге, басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбауға тиіс.».
1) 1-бапта:
2-тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«осы Заң қолданысқа енгiзілетін күнге ата-ана құқықтарынан айырылмаған және он сегiз жасқа толмаған балалары, оның iшiнде асырап алған не қорғаншылыққа және (немесе) қамқоршылыққа алған балалары бар не қамалғанға және сотталғанға дейін асырауында жастарына қарамастан І және ІІ топтардағы мүгедектігі бар балалары болған әйелдер;»;
3, 5 және 6-тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы Заңның 2-бабы 1-тармағы 3) тармақшасында аталған адамдар – осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен I, II және III топтағы мүгедектігі бар адамдар деп танылған адамдар;»;
«5) осы Заңның 2-бабы 1-тармағы 5) тармақшасында аталған адамдар – Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдар және оларға теңестірілген адамдар;
6) осы Заңның 2-бабы 1-тармағы 6) тармақшасында аталған адамдар – Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, оның ішінде бұрынғы КСР Одағының, әскери немесе интернационалдық борышын атқару кезінде қаза тапқан немесе хабар-ошарсыз кеткен әскери қызметшілерінің басқа тіркелген некеге тұрмаған жесірлері, сондай-ақ соғыс мүгедектігі бар адамдардың және оларға теңестірілген адамдардың әйелдері.»;
2) 2-баптың 1-тармағының 2, 3, 5 және 6-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жүкті әйелдер, кәмелетке толмаған немесе І және ІІ топтардағы мүгедектігі бар балалары бар әйелдер, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалардың жалғыз ата-анасы болып табылатын ер адамдар;
3) I, II және III топтағы мүгедектігі бар адамдар;»;
«5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдары және оларға теңестірілген адамдар;
6) әскери және интернационалдық борышын атқару кезiнде қаза тапқан әскери қызметшiлердiң жесiрлерi, сондай-ақ күйеулерi соғыс мүгедектігі бар адамдары және оларға теңестiрiлген адамдар болып табылатын әйелдер жазадан босатылады.»;
3) 10-баптың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) рақымшылық жасау бойынша жазадан босатылған және зайыбы (жұбайы) немесе жақын туыстары жоқ I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар мен жасының егде тартуына байланысты өзiн-өзi күте алмайтын адамдарды стационарлық үлгiдегi медициналық-әлеуметтiк мекемелерге (ұйымдарға) орналастыру;».
1) 32-баптың 1-тармағының 1, 2 және 3-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) І топтағы мүгедектігі бар адамға – 3000 айлық есептік көрсеткіш;
2) ІІ топтағы мүгедектігі бар адамға – 2000 айлық есептік көрсеткіш;
3) ІІІ топтағы мүгедектігі бар адамға – 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді».
1) 30-баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«30-бап. Телебағдарламаларды тарату кезінде мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау».
1) 49-баптың 2-тармағының 2-тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«тұрғылықты жері бойынша халықты әлеуметтік қорғау органының қорытындысына сәйкес, денсаулық жағдайы бойынша тұрақты күтімді (көмекті, қадағалауды) қажет ететін не бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адам болып табылатын әкесіне, анасына, әйеліне, күйеуіне, аға-інісіне, апа-сіңлісіне, қарындасына, атасына, әжесіне немесе асырап алған адамына немесе қартаюына байланысты зейнеткерлік жасқа жеткен немесе он сегіз жасқа толмаған адамдарға, заң бойынша аталған азаматтар күтіп-бағуға міндетті басқа адамдар болмаған кезде тұрақты күтім жасау қажеттігі;»;
«7. Курсантқа, тыңдаушыға арнаулы мемлекеттік органдарда қызметін өткеру кезеңінде алынған немесе арнаулы мемлекеттік органдарда қызметін өткерумен байланысты контузия алуы, зақымдануы, ауыруы нәтижесінде болған мүгедектік белгіленгенде қызметтен босатылғанына бір жыл өткенге дейін мынадай мөлшерлерде:
І топтағы мүгедектігі бар адамға – 250 айлық есептік көрсеткіш;
II топтағы мүгедектігі бар адамға – 150 айлық есептік көрсеткіш;