Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының атауын өзгерту туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы Ережеде:
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың Тізбесінде:
«Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар» бөлімінде
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын;
«1. «Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы».
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысының 2-қосымшасында:
1-бөлімде Мемлекеттік кәсіпорындар:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов