«Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына пресс-релизі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» қаулы жобасы Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексін іске асыру мақсатында әзірленді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
2023 жылғы 28 шілдеде қаулы жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде және 2023 жылғы 31 шілдеде Еңбекминінің ресми сайтында орналастырылған.