«Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 214 бұйрығына өзгерістер енгізу

«Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 214 бұйрығына өзгерістер енгізу

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 214 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32850 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген, жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру Қағидаларында:

бүкіл мәтін бойынша, «халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға», «Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган», «Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның», «Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда» сөздері сәйкесінше «еңбек мобильділігі орталығына», «Еңбек мобильділігі орталығы», «Еңбек мобильділігі орталығының», «Еңбек мобильділігі орталығында» сөздерімен ауыстырылсын;

66 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«66. Мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік сайланбалы қызметтердің, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, Қазақстан Республикасы судьяларының, әскери қызметте тұрған адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және оның ведомстволары, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жұмыскерлерінің бос лауазымдарын қоспағанда, жұмыс беруші мансап орталығына enbek.kz порталы арқылы бос жұмыс орындарының бар екені туралы ақпаратты еңбек жағдайлары мен ақы төлеу шарттарын көрсетіп, олар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді.»;

67 тармақ алып тасталсын;

Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларының                       1 қосымшасына:

реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

 

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) /қағаз

 

Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларының                      2 қосымшасына:

реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

 

1

Қызмет берушінің атауы

Еңбек мобильділігі орталығы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

 

Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларының                      5 қосымшасына «халықты жұмыспен қамту мәсілелері жөніндегі жергілікті органның» сөздері сәйкесінше «еңбек мобильділігі орталығының» сөздерімен ауыстырылсын;

 

Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларының                      6 қосымшасы осы бұйрықтын қосымшасына сәйкес, жаңа редакцияда жазылсын;

 

Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларының                      7 қосымшасына:

реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

 

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) /қағаз

 

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Стратегиялық жоспарлау

және реформалар агенттігі

Ұлттық статистика бюросы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің

2023 жылғы 9 маусымдағы

№ 214 бұйрығына қосымша

 

20__ жылғы ___ _______№ ___ Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына

6-қосымша

 

 

Нысан

 

 

Жұмыссыз ретінде тіркеуден бас тарту туралы хабарлама

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 14) тармақшасына сәйкес_______________________________________________________________

көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы

Сізге __________________________________________________________

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

____________________________________________________________________

себебін көрсету

себебі бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

Берілген күні: 20___ жылғы «___» __________.

Мансап орталығының маманы _____________________________________

_______________________________________________________________.

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

 

бұйрық
Дата публикации
27 июля 2023