2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын Жол картасындағы іс-шараларды іске асыру туралы анықтама

2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын

Жол картасындағы

іс-шараларды іске асыру туралы

анықтама

 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алаңында бірінші вице-министр А.А. Сарбасовтың төрағалығымен Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті, Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты, Еңбек ресурстарын дамыту орталығы және «BTS Digital» компаниясы өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өткізілді.

Жұмыс барысында еңбекті қорғауды басқару жүйесіндегі жекелеген рәсімдердің жаңартылуы бойынша ұсыныстарды апробациялауға дайындау және енгізу жөніндегі ағымдағы іс-шаралардың іске асырылу барысы, процестердің ең көп санын жоспарланған цифрландыру жөніндегі жұмыстарға техникалық мүмкіндіктер мен дайындық туралы ақпарат қаралды.

Кездесу барысында кәсіптік тәуекелді интегралды бағалау және кәсіпорындарды тәуекел дәрежесі бойынша бөлу құралы ретінде «кәсіпорынның цифрлық картасын» құру бойынша жобалық тәсілдердің нұсқалары талқыланды.

Кездесу нәтижелері бойынша қатысушыларға жол картасын тиімді және уақтылы іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған тиісті тапсырмалар берілді.

Дата публикации
25 июля 2023