«Кәсіби мерекелерді белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасына ақпараттық хабарлама
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы Ереженің
15-тармағының 17-2) тармақшасына сәйкес «Кәсіби мерекелерді белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасы әзірленді.
2023 жылдың 17 шілдесінде бұйрық жобасы нормативтік құқықтық актілер интернет-порталына жария талқылану үшін орналастырылған. 2023 жылдың 31 шілдесіне дейін өзекті (орналастыру мерзімі 10 жұмыс күні).