Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабының
5) тармақшасының жиырма екінші абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидалары бекітілсін.
  2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарының және бұйрықтың құрылымдық элементінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және
2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық:

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларының 3-тармағының 30) тармақшасын,
8-тармағының 7) тармақшасын, 10, 11, 12-тармақтарын, 15, 16-тармақтарын,
17-тармағының екінші бөлігін, 20-тармағының 3) тармақшасын, 24-тармағының 2) тармақшасын, 25-тармағын, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48-тармақтарын, 51-тармағының үшінші бөлігін, 56-тармағын, 72-тармағын; Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына 3-қосымшаның 2-тармағының екінші абзацын, 3-тармағының 3) тармақшасын, 7-тармағының 1) тармақшасының үшінші абзацын, 8-тармағының 13) тармақшасының төртінші абзацын, 10-тармағының 4) тармақшасын, 5, 9, 15, 16, 24-қосымшаларын қоспағанда 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

 

Т. Дуйсенова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Цифрлық даму, инновациялар

және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Дата публикации
05 июля 2023