«Кәсіптік тәуекелдерді басқару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасына пресс-релиз
«Кәсіптік тәуекелдерді басқару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін әзірленген.
Аталған бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін, құрамында өндірістік объектілері бар кәсіпорындарда еңбекті қорғауды басқару жүйесінде кәсіптік тәуекелдерді басқару тәртібін айқындау болып табылады.