«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу (жұмыспен қамту орталығы)» кәсіптік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 714 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасына пресс-релизі
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу (жұмыспен қамту орталығы)» кәсіптік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 714 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығының жобасы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 117-бабының 2-1-тармағына сәйкес жұмыскердің кәсіби қызметінің мазмұнына қойылатын бірыңғай талаптарды әзірлеу, еңбек нарығының қазіргі заманғы сұраныстарына жауап беретін оның біліктілігіне қойылатын талаптарды жаңарту мақсатында әзірленді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
2023 жылғы 22 маусымда бұйрық жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде және ЕХӘҚМ ресми сайтында орналастырылған.