«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу» кәсіптік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасына пресс-релизі

«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу» кәсіптік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасына пресс-релизі

 

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу» кәсіптік стандартын бекіту туралы» бұйрығының жобасы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 117-бабының 2-1-тармағына сәйкес жұмыскердің кәсіби қызметінің мазмұнына қойылатын бірыңғай талаптарды әзірлеу, еңбек нарығының қазіргі заманғы сұраныстарына жауап беретін оның біліктілігіне қойылатын талаптарды жаңарту мақсатында әзірленді.

 Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

2023 жылғы 20 маусымда бұйрық жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде және ЕХӘҚМ ресми сайтында орналастырылған.

пресс-релизі
Дата публикации
21 июня 2023