«Азаматтық қызметшілердің қызмет әдебі кодексін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 342 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасы

«Азаматтық қызметшілердің қызмет әдебі кодексін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 342 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Азаматтық қызметшілердің қызмет әдебі кодексін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 342 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21150 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қызметшілердің қызмет әдебі кодексінде:

9-тармақ  мынадай мазмұндағы 12), 13), 14) ,15), 16), 17) тармақшалармен толықтырылсын:

«12) лауазымдық міндеттерге сәйкес келуі, сыпайылық танытуы, қорқытып алу не пара алуға  дайындық ретінде түсіндірілуі мүмкін мәлімдемелерге және (немесе) әрекеттерге жол бермеуі;

13) сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасауға итермелеу мақсатында азаматтық қызметшіге жүгінудің барлық жағдайлары туралы жұмыс берушіні, прокуратура органдарын немесе басқа да мемлекеттік органдарды дереу хабардар етуі;

14) азаматтық қызметшінің лауазымдық міндеттерін адал атқаруына күмән тудыруы мүмкін мінез-құлықтан аулақ болуы;

15) заңнамада белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл жасауы және оның профилактикасы жөнінде шаралар қолдануы;

16) жұмыс орнында қарамағындағылар және (немесе) көрсетілетін қызметті алушы қалдырған сыйлық табылған кезде сыйлықты оны тастап кеткен адамға қайтару үшін шаралар қолдануы қажет. Аталған адамды айқындауға мүмкіндік болмаған жағдайда, азаматтық қызметші дереу аталған факт туралы жұмыс берушіге жазбаша хабарлауы керек;

17) оған хабардар етілмей келіп түскен, сондай-ақ ол тиісті функцияларын атқаруына байланысты алған сыйлықтар сыйлықтың алынған күнінен бастап не азаматтық қызметшіге сыйлықтың келіп түскені туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға өтеусіз берілуге жатады, ал азаматтық қызметшіге нақ сондай мән-жайларда көрсетілген қызметтерге қызмет көрсетілген күннен бастап не мемлекеттік қызметшіге қызметтің көрсетілгені туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде ол республикалық бюджетке ақша аудару арқылы ақы төлеуі қажет.»;

10-тармақ  мынадай мазмұндағы 7), 8), 9), 10), 11), 12) және
13) тармақшалармен толықтырылсын:

«7) лауазымдық міндеттерін атқаруына байланысты жеке және заңды тұлғалардан сыйақы (сыйлықтар, ақшалай сыйақы, несиелер, материалдық сипаттағы қызметтер, ойын-сауық, демалыс, көлікті пайдаланғаны үшін ақы және өзге де сыйақылар) алуға;

8) өз лауазымдық міндеттерін атқаруға байланысты қызмет бабында өздеріне тәуелді адамдардан жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабында бетімен кетушілік үшін сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауға;

9) ресми адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып, мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін аталған адамдарға сыйлықтарды тарту етуге және қызметтік емес қызметтер көрсетуге;

10) ақшалай немесе өзге де мүлiктік сипаттағы құмар ойындарға қатысуға, сондай-ақ ойын мекемелеріне баруға;

11) жеке және заңды тұлғаларға ақпаратты беруден негізсіз бас тартуға не оны кешіктіріп беруге, анық емес немесе толық емес ақпарат беруге;

12) шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетуге;

13) қызметке кіру және қызмет бабында ілгерілету кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген артықшылықтар беруге (тамыр-таныстық, отбасылық жақындық) жол бермеуге тиіс.».

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген
іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

Дата публикации
14 июня 2023