«Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қаржыландыру және мониторингілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасына
БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қаржыландыру және мониторингілеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасын әзірленді.
Осы бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты - халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қаржыландыру және мониторингілеудің тәртібін белгілейді.
Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Қаулы жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында орналастырылған.