Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

Р/с №

Ұсынымдар

Іс-шаралар

Іс-шаралардың аяқталу нысаны

Орындаушы

Іс-шаралардың орындалу мерзімі

1

Қабылданған Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі шеңберінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу кезінде оның ережелеріне сыбайлас жемқорлық нормаларының болуына мұқият талдау жүргізу, лауазымды тұлғалардың дискрециялық өкілеттіктерінің кеңдігіне алып келетін тұжырымдар мен мағыналық құрылымдарды алып тастау.

Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу

 

Бұйрықтар

ӘҚД

2023 жылғы желтоқсан

2

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу үшін шешімдер қабылдау немесе қажетті деректерді алу кезінде адами факторды болдырмау мақсатында процестерді барынша автоматтандыру және мемлекеттік органдардың орталық дерекқорларын интеграциялау қажет.

ЕРДО-ға ұсыныстар

Хат

ӘҚД

2023 жылғы желтоқсан

3

Өтініш берушінің Халықты жұмыспен қамту орталығының, кент, ауылдық округ әкімдіктерінің мамандарымен тікелей байланысын болдырмау мақсатында Әлеуметтік көмек көрсету департаментіне халықты әлеуметтік қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтінішті электрондық үкімет порталы арқылы беруге барынша көшу бойынша халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Ақпараттық түсіндіру жұмыстары

(БАҚ, әлеуметтік желілер және т.б.)

 

ҰЭМ, СЖжРА мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек есебі (электрондық үкімет порталы арқылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтініштің 85%-ын қабылдау)

ӘКД

2023 жылғы желтоқсан

4

«Бала туғанда берілетін жәрдемақыны, бала күтіміне байланысты жәрдемақыны, көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақыны, наградталған анаға берілетін жәрдемақыны тағайындау және төлеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасын әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексін іске асыруда көп балалы отбасы құрамындағы балаларды есепке алу тәртібін көздеу

Бұйрық жобасын әзірлеу

Бұйрық

ӘКД

2023 жылғы желтоқсан

5

ӘСӘҚД-нің Міндетті әлеуметтік сақтандыру басқармасы басшысының міндетіне «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қорының активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын белгілеу туралы ұсыныстарды жыл сайын әзірлеу жөніндегі жұмысқа қатысуды қосу

ӘСӘҚД Міндетті әлеуметтік сақтандыру басқармасы басшысының лауазымдық нұсқаулықтарына өзгерістер енгізу

Бұйрық

ӘСжӘҚД, ҚД

2023 жылғы

25 қазанға дейін

6

Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартын оны көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне ауыстыру бөлігінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен сәйкестендіру.

«Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-ө-м бұйрығына өзгерістер енгізу 

Бұйрық

КК, ЦжМҚАД

2023 жылғы

1 қазанға дейін

7

Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартын оны көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне ауыстыру бөлігінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен сәйкестендіру.

«Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығына өзгерістер енгізу 

Бұйрық

КК, ЦжМҚАД

2023 жылғы

1 қазанға дейін

8

Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидаларын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартын оны көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне ауыстыру бөлігінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен сәйкестендіру

«Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығына өзгерістер енгізу

Бұйрық

КК, ЦжМҚАД

2023 жылғы

1 қазанға дейін

9

Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартын оны көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне ауыстыру бөлігінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен сәйкестендіру

«Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 20 бұйрығына өзгерістер енгізу

Бұйрық

КК, ЦжМҚАД

2023 жылға

1 қазанға дейін

10

Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын оны көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбелеріне ауыстыру бөлігінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен сәйкестендіру

«Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 259 бұйрығына өзгерістер енгізу

Бұйрық

ХЖҚД,

ЦжМҚАД 

 

2023 жылғы

1 қазанға дейін

11

Ақталған адамға куәлік беру қағидаларын және ақталған адам куәлігінің үлгісін бекіту қағидаларын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартын оны көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне ауыстыру бөлігінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен сәйкестендіру

«Ақталған адамға куәлік беру қағидаларын және ақталған адам куәлігінің үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 78 бұйрығына өзгерістер енгізу

Бұйрық

ӘКД,

ЦжМҚАД 

 

2023 жылғы

1 қазанға дейін

12

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартын оны көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне ауыстыру бөлігінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен сәйкестендіру

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің және әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 224 бұйрығына өзгерістер енгізу

Бұйрық

ӘКД,

ЦжМҚАД 

 

2023 жылғы

1 қазанға дейін

13

Арнаулы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілерді субсидиялау туралы шарттың үлгілік нысанын және арнайы жұмыс орнына жұмысқа орналасуға өтініш нысанын әзірлеу

«Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығының жобасын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне әзірлеп енгізу

Бұйрық жобасы

ХЖҚД

2023 жылғы
1 шілде

14

№ 516 бұйрықта жұмыс берушіге өтінімдері бойынша кезекті қаржы жылына субсидияланатын жұмыс орындары ұйымдастырылатын жұмыс берушілер тізбесіне енгізуден бас тарту негіздері көрсетілсін

«Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығын бекіту

Бұйрық

ХЖҚД

2023 жылғы
1 шілде

15

№ 516 бұйрыққа «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «NEET санатындағы жастар» ұғымын «уақытша орналастырылмаған жастарға» ауыстыру бөлігінде өзгерістер енгізілсін

«Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығын бекіту

Бұйрық

ХЖҚД

2023 жылғы
1 шілде

16

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін бюджет қаражаты есебінен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына:

1)    1) егер олар шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінде немесе консулдық мекемесінде алдын ала заңдастырылған болса, шетелдік ұйымдар мен мекемелерден шығатын құжаттарды заңдастыру бойынша талап белгілеу;

2)    2)зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде жеке табыс салығы бойынша ҚР Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйесінен түсетін деректерді салыстыру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселені қарау

«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін бюджет қаражаты есебінен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Бұйрық

ӘСжӘҚД

2023 жылғы маусым

 

Ескертпе: Аббревиатураларды толық жазу:

ӘКД – Әлеуметтік көмек департаменті

ӘҚД – Әлеуметтік қызметтер департаменті

ӘСжӘҚД – Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру департаменті

ЕРДО – «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ

КК – Көші-қон комитеті

ҚД – Қаржы департаменті

СЖжРА – Қазастан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

ХЖҚД – Халықты жұмыспен қамту департаменті

ЦжМҚАД – Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті

Іс-шаралар жоспары
Дата публикации
30 мая 2023