«Тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау
қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасына
ақпараттық хабарлама
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы» 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының 5-тармағы 17-5)-тармақшасына сәйкес «Тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасы әзірленді.
2023 жылдың 22 мамырда бұйрық жобасы нормативтік құқықтық актілер интернет-порталына жария талқылану үшін орналастырылған. 2023 жылдың 5 маусымға дейін өзекті (орналастыру мерзімі 10 жұмыс күні).