«Арнайы жұмыс орнын жарақтандыруға арналған субсидиялар мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасына баспасөз-релизі

«Арнайы жұмыс орнын жарақтандыруға арналған субсидиялар мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасына баспасөз-релизі

 

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің «Арнайы жұмыс орнын жарақтандыруға арналған субсидиялар мөлшерін айқындау туралы» бұйрығының жобасы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігi туралы ережесінің 15-тармағының 82-2) тармақшасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушілердің шығындарын өтегенге дейін субсидиялар мөлшерін анықтау мақсатында әзірленді.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

2023 жылғы 5 мамырда бұйрық жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде және ЕХӘҚМ ресми сайтында орналастырылған.

баспасөз релизі
Дата публикации
05 мая 2023