Мемлекеттік арнаулы жәрдемақыны тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және оны төлеу туралы шешімді қайта қарау қағидаларын айқындау туралы

Мемлекеттік арнаулы жәрдемақыны тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру,  қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және оны төлеу туралы шешімді қайта қарау қағидаларын айқындау туралы

 

 

«Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 7-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік арнаулы жәрдемақыны тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және оны төлеу туралы шешімді қайта қарау қағидалары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беру.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап, бірақ ерте дегенде 2023 жылғы 1шілдеде қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

приказ
Дата публикации
04 мая 2023