«Мемлекеттік еңбек инспекторы актілерінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 904 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

«Мемлекеттік еңбек инспекторы актілерінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 904 бұйрығына

 өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы   

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 195-бабының 1 сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Мемлекеттік еңбек инспекторы актілерінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 904 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12498 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 31 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік еңбек инспекторы актілерінің:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы талаптарының бұзушылықтарын жою туралы нұсқама нысаны;

1-1) осы бұйрыққа 1-1-қосымшаға сәйкес жұмыс берушінің жалақы төлеуі туралы нұсқама нысаны;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жарақаттану қаупі бар және апатты жағдайлардың туындауына жол бермеу үшін өндірістік объектілер мен жабдықтарда, сондай-ақ өндірістік процестерде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу туралы нұсқама нысаны;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындары мен жабдықтардың пайдаланылуына және тұтастай ұйымның қызметіне тыйым салу (тоқтата тұру) туралы нұсқама нысаны;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама нысаны;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы нысаны;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы нысаны;

7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес мемлекеттік еңбек инспекторы қорытындысының нысаны бекітілсін.

осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қоғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген
іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау және   
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы 
№ 904 бұйрығына 1-1-қосымша

 

Нысан

 

Кімге ____________________________

_______________________________________________________________Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), тұрақты тұрғылықты жерінің мекенжайы немесе тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтер,
жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі – ЖСН), егер жұмыс беруші заңды тұлға болған жағдайда – оның атауы, тұрғылықты жері, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi    

Елдi мекеннің атауы

 

 

                                                          

Жұмыс берушінің жалақы

төлеуі туралы

НҰСҚАМА № ___
20__ жылғы «__» __________

          

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы
Еңбек кодексінің 193-бабы 4) тармақшасына сәйкеc 20___ жылғы
«___» ______________ мерзіміне дейін келесі жұмысшыларға:

1) Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), ___ ____________ ____________ ж.т., ЖСН: ____________________, тұрғылықты жерінің мекенжайы: _____________________ _________________ теңге мөлшерінде;

2) Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), ___ ____________ ____________ ж.т., ЖСН: ____________________, тұрғылықты жерінің мекенжайы: _____________________ _________________ теңге мөлшерінде;

3) Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), ___ ____________ ____________ ж.т., ЖСН: ____________________, тұрғылықты жерінің мекенжайы: _____________________ _________________ теңге мөлшерінде жалақы төлесін деп нұсқама беремін

  Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек
кодексінің 23-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес 20__ жылғы
«__» _______ дейін осы нұсқаманың орындалуы туралы жазбаша ақпарат
мына мекенжайға: ____________________________________________________
берілсін.

 

Мемлекеттік еңбек инспекторы

_________ ________________________
               Қолы                                            Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

     

Нұсқамаға жоғары тұрған мемлекеттік еңбек инспекторына немесе сотқа оны алынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде шағым жасалуы мүмкін.

Нұсқама мемлекеттік еңбек инспекторы белгілеген мерзімде орындалмаған жағдайда және шағым жасауға арналған мерзім өткеннен кейін, егер оған шағым жасалмаса, әрбір жұмысшыға қатысты нұсқаманың данасы көрсетілген мерзімдер өткен соң үш жұмыс күнінен кешіктірмей «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аумағы бойынша тиісті әділет органына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жіберіледі.

Нұсқамаға сот тәртібімен шағым жасалған жағдайда, әрбір жұмысшыға қатысты нұсқаманың данасы сот актісі заңды күшіне еңген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аумағы бойынша тиісті әділет органына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жіберіледі.    

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы
Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағының 12) тармақшасының негізінде
бұл нұсқаманың міндетті күші бар.

Нұсқаманы алдым, құқықтары мен міндеттерімен таныстым: ____________ _______________________________________
         Қолы                       Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде),
                                                             алған күні

 

Приказ
Дата публикации
27 июня 2020