Об утверждении Правил финансирования и мониторинга оказания специальных социальных услуг в области социальной защиты населения и О внесении изменении в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 28 августа 2018 года № 377 «Об утверждении Правил формирования единого регистра организаций, предоставляющих специальные социальные услуги, и реестра специалистов, оказывающих специальные социальные услуги»

Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қаржыландыру және мониторингілеу туралы және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдардың бірыңғай тіркелімін және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 377 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

 

«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қаржыландыру және мониторингілеу қағидалары бекітілсін.
  2. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдардың бірыңғай тіркелімін және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 377 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17469 болып тіркелген, 2018 жылғы 2 қазанда жарияланған) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде) мынадай өзгеріс:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың бірыңғай тіркелімін және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімін қалыптастыру қағидаларында:

4 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың тіркелімі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік қызметтер порталында мыналардың негізінде қалыптастырылады:

заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен жасалған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы күшіне енген шарт (жеке және үкіметтік емес ұйымдар үшін);

қаржыландыру жоспары (коммуналдық мемлекеттік мекемелер үшін).».

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1 және 2-тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

Дата публикации
02 мая 2023