«Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 3-тармағының үшінші бөлігіне, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Өнім шығарумен және жасаумен, пайдалы қазбаларды игерумен, өндірумен және қайта өңдеумен, құрылыспен және өндірістік қызметтің басқа да түрлерімен айналысатын ұйымдарға қатысты Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын тексеру парағы:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 26-жолдармен толықтырылсын:
«
|
26 |
Жұмыс берушінің жұмыс берушімен еңбек шартын жасасу және тоқтату, оған енгізілетін өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіпте еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне уақытылы енгізуі |
Талап етіледі |
Талап етілмейді |
Талаптарға сәйкес келеді |
Талаптарға сәйкес келмейді |
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 27-жолдармен толықтырылсын
«
|
27 |
Өндірістік кәсіпорындарда еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізу және оның жұмыс істеуіне бақылау жүргізу |
Талап етіледі |
Талап етілмейді |
Талаптарға сәйкес келеді |
Талаптарға сәйкес келмейді |
»;
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Өндірістік емес саладағы (денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, әлеуметтік қамсыздандыру, сауда, тұру және тамақтану бойынша қызметтер) ұйымдарға қатысты Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын тексеру парағы:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 26-жолдармен толықтырылсын
«
|
26 |
Жұмыс берушінің жұмыс берушімен еңбек шартын жасасу және тоқтату, оған енгізілетін өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіпте еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне уақытылы енгізуі |
Талап етіледі |
Талап етілмейді |
Талаптарға сәйкес келеді |
Талаптарға сәйкес келмейді |
»;
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Жұмыскерлері еңбек қызметін кеңсе үй-жайларында жүзеге асыратын өндірістік емес саладағы ұйымдарға қатысты Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын тексеру парағы:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 24-жолдармен толықтырылсын:
|
24 |
Жұмыс берушінің жұмыс берушімен еңбек шартын жасасу және тоқтату, оған енгізілетін өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіпте еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне уақытылы енгізуі |
Талап етіледі |
Талап етілмейді |
Талаптарға сәйкес келеді |
Талаптарға сәйкес келмейді |
».
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Лауазым ТӘЖ
КЕЛІСІЛГЕН
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика
және арнайы есепке алу
жөніндегі комитеті