«Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (52-шығарылым) бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 маусымдағы № 201 бұйрығына
өзгерістерді енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасына
пресс-релиз
«Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығы (52-шығарылым) (бұдан әрі – БТБА (52-шығарылым) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі 16-бабының 16-1)-тармақшасына сәйкес қайта қаралған.
Бұған дейін БТБА (52-шығарылым) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 маусымдағы № 201 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2022 жылғы 16 маусымда № 28475 болып тіркелген. Тарифтік-біліктілік сипаттамалары сегіз разрядты тарифтік торға қатысты әзірленді. БТБА (52-шығарылым) мазмұны Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңнамасына сәйкес толықтай қайта қаралды, мемлекеттік тілдегі кәсіптер алфавиттік тәртіппен көрсетілген.
БТБА (52-шығарылым) кіріспе және автомобиль және қалалық электр көліктеріндегі, теміржол көлігіндегі және метрополитендегі, теңіз және өзен көліктеріндегі жұмыстарындағы 128 жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын қамтиды.
БТБА (52-шығарылым) автокөлік жүргізушісінің тарифтік-біліктілік сипаттамасына нақтылау сипатындағы түзетулер енгізілді, жол өлшемдері жөніндегі оператор 4-разряд тарифтік-біліктілік сипаттамасына жұмыстарды орындалуын автоматтандырылған технологиялық процеске сәйкес жұмыстар, сондай-ақ 5-разряд жұмыстар енгізілді.
Тарифтік-біліктілік сипаттамалар осы БТБА-да көрсетілген ұйымдардың меншіктік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмысшылардың жұмыстарын тарификациялаған және біліктілік разрядтарын белгілеген кезде қолданылады.
Бұйрық жобасына Ұлттық Кәсіпкерлер палатасынан, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясынан, жеке кәсіпкерлік субъектілері ұйымдарынан оң қорытындылар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі жанындағы Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңестің қорытындысы, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің қорытындысы алынды.
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуеміттк қорғау министрлігінің
Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті