Об утверждении перечня гарантированного объема специальных социальных услуг

Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы

 

          Қазақстан Республикасы "Әлеуметтік Кодекстің» 12 -бабының 5) тармақшасының отыз бесінші абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесі 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. .  Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
  3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың  1 және  2-тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
  2. . Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап, бірақ 2023 жылғы 1 шілдеден ерте емес қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

Дата публикации
21 апреля 2023