Об утверждении Правил предоставления специальных социальных услуг лицу (семье), не относящемуся к нуждающимся в специальных социальных услугах за счет средств получателя услуг

Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж емес адамға (отбасына) қызметтерді алушының қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қағидаларын

бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж емес адамға (отбасына) қызметтерді алушының қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер көрсету қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 25 ақпандағы № 146 «Ақылы негізде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 наурызда № 13523 болып тіркелген).

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 383 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 қыркүйекте № 29785 болып тіркелген).

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызмет көрсету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен, бірақ ерте дегенде 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 



Дата публикации
21 апреля 2023