Правил оценки и определения потребности в специальных социальных услугах

Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидалары туралы

 

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабының 5-тармақшасының жиырма жетінші азат жолына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбір бұйрықтары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес күші жойылды деп танылсын.
  3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызмет көрсету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрге жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап, бірақ ерте дегенде 2023 жылғы 1 шілдеден қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

 

Дата публикации
21 апреля 2023