Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ етеді:
1) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 Қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеге:
13-тармақ 2) тармақшасының 3 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке және заңды тұлғалардың, соның ішінде Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкілінен келіп түскен жолданымдарын Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қабылдау және қарау;»;
13-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұнды абзацпен толықтырылсын:
«Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіліне халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары мен заңды қызығушылықтарын қорғауға өз құзыреті шегінде қолдау көрсету;»;
14-тармақтың 49) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«49) жеке және заңды тұлғалардың, соның ішінде Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкілінен келіп түскен жолданымдарын өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау, сондай-ақ өтініш иелері көтерген жүйелі проблемаларға талдау жүргізу және оларды анықтау;»;
2) «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 Қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi туралы ережеге:
15-тармақтың 114) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«114) азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды, жолданымдарда, сұрау салуларда, жауаптар мен хабарларда жеке және заңды тұлғалар, Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл көтеретін жүйелі проблемаларды уақтылы және толық қарауды, талдауды, мониторингтеуді және анықтауды, олар бойынша шешімдер қабылдауды жүзеге асырады;»;
15-тармақты мынадай мазмұнды 222-1) тармақшасымен толықтырылсын:
«222-1) Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіліне халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары мен заңды қызығушылықтарын қорғауға өз құзыреті шегінде қолдау көрсетеді;»;
3) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы мережеге:
14-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұнды абзацпен толықтырылсын:
«Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіліне халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары мен заңды қызығушылықтарын қорғауға өз құзыреті шегінде қолдау көрсетеді;»;
14-тармақ 2) тармақшасының 3 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жеке және заңды тұлғалардың, соның ішінде Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкілінен келіп түскен өтiнiштерін қабылдау және қарау;»;
15-тармақтың 103) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«103) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қоғамдық бірлестіктермен, Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкілмен өзара іс-қимыл жасау;»;
15-тармақтың 105) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«105) денсаулық сақтау мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың, соның ішінде Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл атына түскен өтініштерін қарау;»;
4) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігi туралы ережеге:
14-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұнды абзацпен толықтырылсын:
«Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіліне халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары мен заңды қызығушылықтарын қорғауға өз құзыреті шегінде қолдау көрсетеді;»;
14-тармақ 2) тармақшасының 3 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жолданымдарды, соның ішінде Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкілінен келіп түскен жолданымдарды қабылдау және тіркеу, оларды және оларға қоса берілген құжаттарды ресімдеуге жәрдемдесу, формальды қателерді жоюға және қоса берілетін құжаттарды толықтыруға мүмкіндік беру;»;
15-тармақтың 204) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«204) еңбек, жұмыспен қамту, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қоғамдық бірлестіктермен, Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкілмен өзара іс-қимыл жасау;»;
15-тармақтың 206) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«206) жеке және заңды тұлғалардың, соның ішінде Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл атына түскен еңбек, жұмыспен қамту, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау;»;
5) «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ережеге:
14-тармақтың 2) тармақшасы мынадай абзацпен толықтырылсын:
«Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіліне халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары мен заңды қызығушылықтарын қорғауға өз құзыреті шегінде қолдау көрсету;»;
15-тармақтың 28-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«28-1) жеке және заңды тұлғалардың, соның ішінде Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл атына түскен жолданымдарын өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау, сондай-ақ арыз иелері көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау және талдау жүргізу;»;
6) «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ережеге:
14-тармақ 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың, соның ішінде Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл атына түскен өтініштерін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен қарау;»;
14-тармақтың 2) тармақшасы мынадай абзацпен толықтырылсын:
«Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіліне халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары мен заңды қызығушылықтарын қорғауға өз құзыреті шегінде қолдау көрсету;»;
7) «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ережеге:
14-тармақ 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың, соның ішінде Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл атына түскен жолданымдарын, өтініштері мен шағымдарын қарау;»;
14-тармақтың 2) тармақшасы мынадай абзацпен толықтырылсын:
«Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіліне халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары мен заңды қызығушылықтарын қорғауға өз құзыреті шегінде қолдау көрсету;».
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов