Әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 12 бабының 5 тармақшасының отыз бірінші абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптарыосы бұйрыққа сәйкес бекітілсін.
  2. Мына бұйрықтардың:

1)Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 14 тамыздағы № 350 бұйрығы «Әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 18 қыркүйекте № 17383 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.

2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 383 бұйрығы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 қыркүйекте № 29785 болып тіркелді).

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми-интернет ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап, бірақ 2023 жылғы 1 шілдеден ерте емес қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

Дата публикации
21 апреля 2023